Қазақстан • 26 Шілде, 2017

Украина мен Қазақстан қатынасының орнағанына 25 жыл толды

811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Украина мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдағы мен даму тарихына арналған баспасөз конференция өтті.

Украина мен Қазақстан қатынасының орнағанына 25 жыл толды

Іс-шараға Қазақстандағы Украина істері бойынша уақытша сенімді өкілі В.Джиджора, Украина СӨП вице-президенті С.Свистель, ҚР-ғы Украина Елшілігінің баспасөз хатшысы И.Блащук  қатысты.

Жиын барысында Қазақстандағы Украина істері бойынша уақытша сенімді өкілі В.Джиджора  екі елдің көп ғасырлық тарихы, достығы, өзара түсіністігі негізінде туындағанын жеткізді.

–  Қазақстан мен Украина арасындағы баянды байланыстар жыл сайын қарқынды түрде қарыштап келеді. Оған екі жақтың да тигізер әсері мол. Экономикалық, сауда, рухани байланыс төңірегінде жасалынған түрлі шаралар соның айқын дәлелі деуге болады. Мен екі елдің достық дәуірі жалғаса беретініне сенімдімін, - деді В.Джиджора.

Баспасөз конференция барысында  ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Украина  ұлттық секциясы комиссарының орынбасары С.Свистиль ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің маңызын атап өтті.

– ЭКСПО-2017 – бұл украиндық энергиялық компанияларына бүкіл әлемге украинада жаңартылған энергетиканың айтарлықтай перспективалық дамуы туралы мәлімдеуге   мүмкіндік беретін бірегей іс-шара. Өзара тиімді байланыс жасау алаңы, - деді С.Свистиль.

Естеріңізге саламыз, осы жылы Украина мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылғанына 25 жыл толады.

Рауан ҚАЙДАР,
"Егемен Қазақстан"