Футбол • 26 Шілде, 2017

Яцек Магера: Варшавада «Астананы» жеңу үшін барымызды саламыз

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл ойын біз үшін өте ауыр өтті. Бәрі ойлағанымыздай болмады. Бізге жасанды алаңда доптың жылдамдығына үйрену үшін аздап уақыт қажет болды. Михал Кухарчиктің гол соғатын мүмкіндіктері болған. Бірақ пайдалана алмады. Ал екінші голды біз жібермеуіміз керек еді. Болмашы жерден кіріп кетті. Үзілісте қандай тактика қолданып, кімді алмастыратынымызды ақылдастық. 46 және 49-минуттарда кемінде бір гол соғуымыз керек болатын. Бірақ бұл жолы да сәттілік жолдас болмады. Артынан «Астананың» мүмкіндігі туды. Олар да пайдалана алмады. Бұл матчта «Астана» үздік болғаны анық. Дегенмен алда Варшавада 90 минут күтіп тұр.

Яцек Магера: Варшавада «Астананы» жеңу үшін барымызды саламыз

Мұндай ойындарыңызбен, осындай нәтижеден кейін Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дайындалғыңыз келмей ме?

«Астананы» жеңісімен құттықтаймын. Бірақ футболда бәрі мүмкін. Екінші ойында соңына дейін күресетін боламыз.

«Астананың» осындай ойынына «Легия» не себепті дайын болмады?

Біз бұл ойынды өткеннің еншісіне қалдырып, Польшадағы матчты ойлайтын боламыз. Бүгін «Астана» мүлдем басқаша ойнады деп есептеймін. Олардың қандай басымдықтары барын білетінбіз. Бәрін жоспарлы түрде жүзеге түрде асырды.

«Легия» қаншалықты өз ойынын көрсете алды. Төреші қосымша алты минут қосқанда іштей қуандыңыз ба?

Мен төрешінің қанша минут қосатынына әсер ете алмаймын. Бүгінгі ойын алаң иелерінің басымдығымен өткенін тағы да ерекше атап өтемін. «Легия» Варшавада бәрін реттеуге тырысады.

Аян ӘБДУӘЛИ,
"Егемен Қазақстан"