Әлем • 27 Шілде, 2017

Мария Мудряк «Опералия» байқауының финалына өтті

149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Пласидо Домингоның «Опералия» байқауының ақтық сынына өткен 14 қатысушының есімі белгілі болды. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» бағдарламасының аясында өтуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мария Мудряк «Опералия» байқауының финалына өтті

(Сурет Comode.kz сайтынан алынды)

Жартылай финалдың нәтижелері бойынша ақтық сайысқа 14 қатысушы жолдама алды, олар: «Астана Операның» солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, керемет сопрано Мария Мудряк (Қазақстан), Руперт Энтикнап (контртенор, Ұлыбритания), Давиде Джусти (тенор, Италия), Су Ён Ли; Су Ён Пак (сопрано), Леон Ким (баритон, Корея Республикасы), Влада Боровко, Кристина Мхитарян, Оксана Секерина (сопрано, Ресей), Адела Захариа (сопрано, Румыния), Эммет О’Хэнлона (баритон, АҚШ), Руслана Коваль (сопрано, Украина), Борис Пригл (бас-баритон, Чехия), Леви Секхапан (тенор, Оңтүстік Африка).

Пепита Эмбил де Доминго және аға-Пласидо Доминго сыйлығына күресті Дамиан Мицци (сопрано), Марко Чапони (тенор, Италия), Леон Ким (баритон, Корея Республикасы), Адела Захариа (сопрано, Румыния), Леви Секхапан (тенор, Оңтүстік Африка) жалғастыратын болады.

29 шілде күні жас әншілер жеңіске деген күресті жалғастыру үшін «Астана Опера» МОБТ сахнасында қайтадан жолығады, олар үшін бұл жеңіс – дауыстың жоғары сынамасының айқын белгісі әрі керемет әншілік мансаптың бастамасы болмақ. Жалпы жүлде қоры 180 мың долларды құрайды.

«Финалға өтетін қатысушыларды таңдау қиынға соқты, көп талқылап, бағаларын санадық, көптеген пікірлер болды. Қатысушылардың жалпы дайындық деңгейі ерекше жоғары, сондықтан біз әдеттегі саннан артық сайыскерлерді таңдадық. Енді, сенбі күні өтетін ақтық мәрені асыға күтудеміз. Жеңімпазды анықтау қиын болатынын нақты айта аламыз. Шешім қабылдау кезінде біз бірнеше критерийлерді есепке аламыз: бұл қатысушының жасы, орындаған ариясының ұзақтығы. Биылғы байқаудың ерекше белгісінің бірі – сопрано-қатысушылардың көп саны, барлығы да шетінен мықты. Мен осымен 10 жыл «Опералияның» әділқазы мүшесімін. Бұл өте маңызды да күрделі вокалдық жарыс. Байқаудағы жеңіс әншілерге көптеген жетекші опера театрларының есігін айқара ашады. Өз атымнан айтатын болсам, театрымның афишасында есімдерін көргім келетін бір-екі әнші бар», - деп бөлісті Метрополитен-операның көркемдік жетекшісі Джонатан Френд.