Аймақтар • 27 Шілде, 2017

ШҚО-да қатты дауыл қайталануы мүмкін

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО ТЖ департаментінің құтқару қызметі 28 шілде күні өңірде қатты дауыл соғуы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО-да қатты дауыл қайталануы мүмкін

«Ертең 28 шілде күні кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күшеюі секундына 22 метрге дейін жетеді. Қайғылы оқиғалар орын алмасы үшін мүмкіндіктеріңізше қатты дауыл кезінде үйлеріңізден шықпауды немесе қауіпсіз жерлерде болуды өтініп сұраймыз», - делінген ШҚО құтқару қызметінің ескерту хабарламасында. Айта кетейік, 17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында соққан желдің жылдамдығы секундына 30-35 метрге дейін жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38