Үкімет • 28 Шілде, 2017

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жобасының мәселелері қаралды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жобасының мәселелері қаралды

Кеңес барысында Қа­зақ­стан экономикасын цифр­лан­дырудың 2025 жылға дейінгі егжей-тегжейлі жоспарлары талқыланды. Бағдарламаны табысты іске асыру елдің бә­се­кеге қабілеттілігі және эконо­ми­каның барлық салаларында еңбек өнімділігі өсімін қам­та­масыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағдарлама төрт басты бағытты іске асы­руға бағытталған: цифр­лы инфрақұрылымды дамы­ту, халықтың цифрлық сауат­тылығын арттыру, эко­но­миканың базалық сала­лар­ын цифрландыру және мемле­кет­тік қызмет көрсету бойынша электронды және мобильді үкі­мет жүйесін жетілдіру.

Кеңес аясында мемлекеттік бағдарлама жобасын сарап­шылық бағалау бойынша отан­дық IT-мамандар: «Эл­текс Алатау» ЖШС директоры Н.Жә­нібеков, «Open IT» компа­ниясының басшысы В.Ким, Mirusdesk жобасының негі­зін қалаушы М.Құрмашев және басқалар сөз сөйледі.