Медицина • 31 Шілде, 2017

Мақсат – ұзақ өмір сүруге ықпал ету

426 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда әлем тұрғындарының қартаю проблемасы да айрықша өзекті болғандықтан, медицина ғылымында геронтология саласындағы зерттеулердің нәтижесі де жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудыратын факті болып табылатыны сөзсіз. Егде жастағы адамдардың денсаулығын сақтау және олардың белсенді өмір сүру кезеңін ұлғайтуға қолдау көрсету Қазақстан Республикасындағы басымдық берілген мемлекеттік міндеттердің бірі болып отыр.

Мақсат – ұзақ өмір сүруге ықпал ету

Қазіргі уақытта қартаю про­­цесінің генетикалық, жасу­ша­лық және гуморальды тетік­тері анықталып, оның негіздері қалыптастырылды. Бұл бағытта негізінен шетелдік ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізгені анық, кейбір отандық мамандар ғана осы салаға назар аударған болатын. Алайда, адамның физикалық тұрғыда және ақыл-есі жа­ғы­нан бел­сенді болып, ұзақ жа­сауына мүмкіндік беретін қартаю және қартаюға қарсы факторларды анықтауға және терең зерттеуге арналған кешенді жұмыстар әлем бо-йынша да, біздің елде де өте сирек екенін атап айтқанымыз жөн. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның бір топ ғалым­дары әзірлеген «Ұзақ өмір сүруді қам­тамасыз етудің ғы­лы­­ми дә­лелденген әдістері» тақы­­рыбындағы жұмыстар циклі мейлінше өзекті болып табы­­лады және оның іргелі жаңалықтарға ие екендігін баса айтқымыз келеді. Бұл еңбек Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» ат­ты Жолдауын, соны­мен қа­тар «Саламатты Қазақ­стан», «Денсаулық» мем­ле­кет­­тік бағдарламаларын жә­не Қазақ­стан Республикасы Үкі­­ме­тінің аталған саладағы қау­­лыларын жүзеге асыруға бағыт­­талған. Негізгі міндет – ег­де жастағы адамдарға қамқор бо­лу, ме­­дициналық-әлеу­мет­­тік қолдау ретінде олар­дың қа­лыпты физикалық, эмоцио­налдық, психикалық ден­­сау­лығын сақтап, белсенді әрі са­палы ұзақ өмір сүруіне ық­пал ету.
Орындалған зерттеулердің ғы­лы­ми жаңалығы аталған жұ­мыстар циклінің авторлар ұжымы жаңа теорияны, яғни сапалы ұзақ өмір сүрудің парадигмасын қалып­тастырғандығымен сипатталады. Ол теория қартаю және қартаюға қарсы процестер барысында адам ағзасының бас-ты нүктелеріне жүйелі әсер ету үшін мүмкіндік беретін болады. Соның негізінде осы ғылыми зерттеудің әдіс­темесі негізделеді және оны енгізу керек және ең бас­ты­сы, қартаю процестеріне тиім­ді өзгерістер енгізуге бола­тын бағдарламаны жасау қа­жет. Сондай-ақ, белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің негізделген әдістерін әзірлеуге қол жеткізілетін болады. Тұтастай алғанда, барлық жұмыс аталған теорияны іске асыруға болатынын көрсетіп отыр. 
Ғылыми еңбектің автор­лары адам ағзасына әсер ету­ді іске асыруға мүмкіндік бере­тін ең басты нүкте ретінде эпи­де­­миологиялық зерттеулер жүр­гі­зген кезде анықталатын ге­но­мдық және метагеномдық ас­пек­тілерді негіз ретінде таң­дап алды. Осы ізденістердің нәтижесінде тек қана Қазақ­станға тән метобализм син­дромының нақтыланған және генетикалық сипатталған эпиде­мио­логиялық «портреті» алы­нды. Онда метобализм син­дро­мының қазақстандықтар ағза­сының қартаю процесінде бай­қалу тәуекелдерін азайту үшін әсер етудің ықтимал ба­ғыт­тары белгіленді. 
Қартаю процесінде метоба­лизм синдромы бар қазақ­стандық дені сау адамның микробиомасы алғаш рет толық қамтылды. Зерттеу барысында алынған қазақстандықтың метагеномы аталған еңбектің авторларына жаңа ұсынымдар әзір­леуге, сондай-ақ, дие­та мен фун­кциялық тағам өнім­дерін ұсынуға мүмкіндік жаса­ды. Авторлар «Нәр» атты синбиотикалық жаңа өнім ойлап шығарды. Бұл өнімнің ішек микробиотын бақылауда ұстауға және көптеген асқазан дерттерінің алдын алуға ықпал ететінін айта кеткен жөн. Емхана мен ауруханаларда жүргізілген зерттеулер кезінде «Нәрдің» тиімділігі анық дәлелденді. Сонымен қатар қазақстандық жүзімнің полифенолы концентратының негізінде жаңа бір биоөнім алынды. Сондай-ақ, адам жасын ұлғайтуға септігін тигізетін тағы басқа да дәрі-дәрмектер ойлап табылды. 
Авторлардың зерттеу нә­ти­жесінде қол жеткізілген тео­риялық және эксперименттік мәлі­меттер клиникалық жағ­дайларда іске асырылды. Әдет­те егде жастағы адамда Д дә­ру­менінің жетіспеушілігі бо­лады, сондай кезде оның денсаулығын жақсарту үшін қандай тәсілдер қолдануға болатыны анықталды. Метаболизм синдромы бар адамдарда болатын ревматикалық емес миока­р­дит феномен – этио­логия, па­то­­генез, терапия, профилак­тика жолдары жан-жақты көр­сетілді. Қариялар үшін мета­бо­­лизм синдромы бойынша скрин­ингтік бағдарлама жасалып, мақұлданды, сол секілді ег­де жастағыларды кешенді ем­деу­дің жаңа бағдарламасы әзір­ленді. Бұл процеске олардың сана­торийде тынығуы да қосы­лып отыр.
Тұтастай алғанда, сапалы ұзақ өмір сү­рудің жаңа па­ра­диг­масы негізінде авторлар ұжымы жасап шыққан ғылыми-клиникалық бағдар­ламаны, эксперименттік және клини­калық зерттеулерді емделуші жан­дардың үлкен шоғыры мойын­дағанын айтқанымыз абзал. Бірнеше жыл бойғы зерт­теулерге арқау болған ат­қа­рыл­ған жұмыстар циклінің нәтижесі осы ғылыми еңбектің еліміз бен халқымыз үшін аса маңыздылығын көрсетіп отыр.
Бұл жұмыстар циклін орын­даған отандық ғалымдар. Жетек­шісі – «ҚР Президенті Іс бас­қар­масының Медициналық орта­лығы» ММ басшысы, бел­гілі ғалым, ҚР Ұлттық ғы­лым академиясының кор­рес­пондент-мүшесі, медицина ғы­лымдарының докторы, профес­сор В.Бенберин, сонымен бір­ге авторлар құрамында елімізге таны­мал профессорлар, осы сала­да ұзақ жылдардан бері қыз­мет атқарып келе жатқан меди­цина ғылымдарының док­торлары Ә.А.Ахетов, А.Гу­ляев, Ж.Жұмаділов, А.Көшеғұлова, Т.Нұрғожин, Е.Сәрсебеков және Г.Танбаева бар. Жалпы, жоғары ғылыми жаңалықтарын және ғылыми-практикалық маңыздылығын ескере келе, «Ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету­дің ғылыми дәлелденген әдістері» атты ғылыми жұ­мыс­тар циклі Қазақстан Рес­публикасының 2017 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлығын иеленуге лайықты деп білеміз. 

Роза БЕКТАЕВА, 
Қазақстан Республикасының бас гастроэнтерологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор