Футбол • 31 Шілде, 2017

«Астана» алғаш рет Еуропаның үздік командаларының жүздігіне енді

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коэффициенттер есептелгеннен кейін, «Астана» командасы қазақстандық клубтар ішінде алғашқы болып Еуропаның үздік клубтарының рейтингінде ТОП-100-ге өтті, деп хабарлайды sports.kz.

«Астана» алғаш рет Еуропаның үздік командаларының жүздігіне енді

«Астана» футбол клубы УЕФА рейтингінде - 96-ыншы орында. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, «Астана» УЕФА рейтингінде «Бордо» (Франция), «Вест Хэм» (Англия), «Лилль» (Франция), «Штуттгарт» (Германия), «Партизан» (Сербия), «Панатинаикос» (Грекия) командаларының алдында тұр.

«Астана» УЕФА рейтингінде өзге қазақстандық командалардан айтарлықтай алда келеді. Мәселен, «Ақтөбе» - 179, «Қайрат» (Алматы) - 192, «Шахтер» (Қарағанды) - 194,  «Ертіс» (Павлодар) - 265, «Ордабасы» - 278-інші орында.

УЕФА чемпиондар лигасының қарымта кездесуі бойынша 3-інші іріктеу кезеңінде «Астана» командасының қарсыласы болған «Легия» (Варшава) поляк командасы УЕФА рейтингінде 61-інші орынға тұрақтады.