Аймақтар • 01 Тамыз, 2017

Солтүстік Қазақстан шекарашылары ауыл тұрғындарына көпір салып берді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл – Қызылжар өңірі шекара қызметкерлерінің ел игілігіне берген екінші нысаны.

Солтүстік Қазақстан шекарашылары ауыл тұрғындарына көпір салып берді

Мұның алдында, дәлірек айтсақ, 2015 жылы Ақжар ауданының Коммунизм  елді мекенінде шекаралық өткізу бекетін салған болатын. Енді, міне, Кішіқарой ауылдық округінде су өткізгісі бар көпір пайдалануға берілді. Округ тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар нысанды Петропавл шекарашылар жасағының инженерлік жасағы тұрғызды. Осылайша көптен бері жол қиындығын көріп келген шалғай ауыл адамдары әуре-сарсаңнан құтылды. Бұдан былай облыс орталығына және де Ресейдің Омбы өңіріне тура қатынай алады.

Петропавл шекарашылар жасағы басшысының орынбасары Жанат Ысқақовтың айтуынша, құрылыс жобасында жергілікті тұрғындардың ұсыныс-өтініштері ескеріліп, айналма жол қашықтығын әжептәуір қысқартылған. Сондай-ақ көпір жанында жасанды су айдыны пайда болған.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»