Қазақстан • 01 Тамыз, 2017

Елордада екі автобустың жүру бағыты ұзартылды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 тамыздан бастап №17 автобус пен №101 экспресс-маршрутының бағыты «Жағалау-4» ТК-не дейін ұзартылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада екі автобустың жүру бағыты ұзартылды

№17 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы Омаров көшесі бойынша «Жағалау-3» тұрғын алабы» аялдамасынан Е-15 көшесі бойынша «Жағалау-4» ТК-не ауыстырылады.

Ендігіне автобус «Достық» АСМК Орталығы» аялдамасынан Мұхамеджанов және Омаров көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді,  әрі қарай Омаров көшесінде оңға, Орынбор көшесінде оңға, Айтматов көшесінде солға, Е-15 көшесі – соңғы аялдама – «Жағалау-4» ТК.

Кері бағытта: Е-15 көшесі – Айтматов көшесі, әрі қарай – қозғалыстың сол бағыты бойынша.

Айтматов көшесі бойынша «Меркурий» ТК» аялдамасы №17 қоғамдық көліктің аялдама бекетінің бекітілген тізіміне енгізілді.

№101 экспресс маршрутының соңғы аялдамасы Омаров көшесі бойынша «№81 ОМ»-нен Е-15 көшесі бойынша орналасқан «Жағалау-4» ТК-не ауыстырылады. «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасынан автобус Орынбор және Омаров көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді, әрі қарай-Омаров көшесінде оңға, Мұхамеджанов көшесінде солға, Айтматов көшесінде солға, Е-15 көшесі – соңғы аялдама – «Жағалау-4» ТК аялдама бекеті.

Кері бағытта: Е-15-Айтматов көшелері – Орынбор көшесінде оңға, әрі қарай - қозғалыс сол бағыт бойынша іске асырылады. Айтматов көшесі бойынша «Меркурий» ТК» аялдамасы №101  экспресс маршруты аялдама бекетінің бекітілген тізіміне енгізілді.