Қазақстан • 02 Тамыз, 2017

Сенімді ақтау – Отанға деген сүйіспеншіліктің дәлелі

750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­­тың «Болашаққа бағдар: ру­­хани жаңғыру» деп ата­­латын мақаласы қазір тек қазақ­стандықтардың ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі барша қазақтың өз ортасында қызу талқылана бастады.

Сенімді ақтау – Отанға деген сүйіспеншіліктің дәлелі

Мемлекет басшысының біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарына тіпті өзге ұлт пен ұлыс өкілдері де үлкен қызығушылық танытып, мақаланың мазмұны мен түйініне терең ой жүгіртуде. 


Осыдан бірнеше жыл бұрын бір басылымнан: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мен ешқашан қолдан келмейтін іске уәде берген емеспін, ал уәде берген екем, қашан орындалып болғанша тыным көрген емеспін» деген сөзін оқыған едім. Бұл мақала маған соның тағы бір нақты дәлелі секілді болып отыр. Елбасының «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деген сөзі көңілге үлкен ой салып, зор міндет жүктейді. Бұл сенімді ақтау, ата-ананың ғана үмітін ақтау емес, Отанға деген сүйіспеншіліктің дәлелі болуы тиіс.

Айгүл  ЖҮНІСБЕКОВА, 
педагогикалық университетінің 
магистранты (ҚХР)