Аймақтар • 02 Тамыз, 2017

Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Сакеев Руслан Кенесарыұлы тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі egemen.kz тілшісіне.

Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Сакеев Руслан Кенесарыұлы 1978 жылы туылған. Білімі - жоғары. Заңгер, қаржыгер мамандықтарының иесі. 

Еңбек жолын 1999 жылы мемлекеттік құқықтық пәндер бойынша оқытушы қызметінен бастап, 2002-2003 жылдары ҚР Сенатының заңдылық және құқықтық реформа жөніндегі комитетінде, 2003-2007 жылдары Қарағанды облысында Ішкі саясат, әлеуметтік саласында, ҚР Әділет министрлігінде басшылық қызметінде, Үкімет жанындағы «ҚазСат» Бас директоры, «Альянс Банк» АҚ Департамент Директоры, дүниежүзілік банктің топ басшысы, және облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары болып Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы тағайындалған.

Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы 1978 жылы туылған. Білімі - жоғары. «Тарих, құқық және экономика негіздері», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Философия және экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органынан бастап, ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Мәдениет және Ақпарат  министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас Прокурорының ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекші қызметінде болған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Маңғыстау облысы