Футбол • 03 Тамыз, 2017

«Астана» командасы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» Варшавада Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің екінші кездесуінде польшалық «Легияға» 0:1 есебімен жол берді.

«Астана» командасы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Фото: tengrinews.kz

Жеңіле тұрғанмен, "Астана" алғашқы матчта сенімді түрде жеңіске жеткенінің арқасында келесі кезеңге жолдама алды. Бүгінгі кездесуде 76-минутта бұрыштамадан әуелей келген допқа бірінші болып жеткен Якуб Червиньски маңдайымен дәл соққы бағыттап, жалғыз голдың авторы атанды. Алаң иелері соңғы секундтарға дейін келесі кезеңге өтуге мүмкіндік беретін бір ғана допты соғу үшін барын салған. Алайда астаналықтар қорғаныста сыр бермеді.

Ал Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту шарасы 4 тамызда өтеді. Турнирдің осы кезеңінде жеңілген күннің өзінде қазақстандық команда Еуропа лигасының топтың кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндігі бар.