Аймақтар • 03 Тамыз, 2017

Ақтауда «Кавказ халқы билерінің фестивалі» өтті

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Кавказ халқы билерінің фестивалі» өтті.

Ақтауда «Кавказ халқы билерінің фестивалі» өтті

Фестиваль – әлем халықтарының барлық билерін бағындырған кемеңгер биші Махмуд Эсамбаевтың құрметіне арналған. Дәстүрлі түрде өткізілетін шараға армян, әзірбайжан, дағыстан би ұжымдары атсалысты. Сонымен қатар, қолдау көрсетуге келген көрермендер арасында лезгин, неміс, украин, қазақ, беларусь этностық топтар өкілдері болды. 

Кавказ халқы билерінің фестивалінде «Настроение», «Шадвал», «Альтаир», «Нұр» және «Жорға» би ансамблдері өз өнерлерін көрсетіп, шешен және ингуш «Вайнах» этномәдени бірлестігінің мүшесі – Ислам Музаев, армян «Ехпайрутюн» этномәдени бірлестігінің мүшесі – Армен Саакян, лезгин «Самур» этномәдени бірлестігінің мүшесі – Марина Байрамова көрермендерге әр түрлі тілде ән орындап, ерекше көңіл күй сыйлады.

Шарада тарихи Отанға деген құрмет, ұлттық дәстүр мен өнер, бір шаңырақ астындағы ұлттар татуластығы  көрініс тапты. Фестиваль соңында қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.                                                                  

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Маңғыстау облысы