Аймақтар • 03 Тамыз, 2017

Батыс Қазақстанда облыстық жолдарды жөндеуге 6,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстанда облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 6629,96 млн теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.

Батыс Қазақстанда облыстық жолдарды жөндеуге 6,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Миржан Сатқановтың айтуынша, осы қаржыға 126 км жол жөнделмекші. Атап айтқанда, Чапаев-Жаңақала-Сайқын және Орал-Кирсанов бағытындағы жолдар ретке келтірілуде. Сол секілді Барбастау-Ақжайық-Индер жолының 0-43 шақырым аралығы да жөнделуде. Күрделі жөнделетін Үлкен Шаған-Переметный-Вечный жолының маңыздылығы сол, ол республикалық Орал-Атырау және Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолдарын жалғайды.

Биыл сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу мен ұстауға 15 млрд астам теңге қаралды. Бұл қаржыға Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, соның 54 шақырымы), Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы  (97-157 км,12,63 шақырымы), Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Самара-Шымкент - (490-526 км, 36 шақырымы), Орал-Атырау ( 27-108 км, 81 шақырымы) жөнделмекші.

Еске сала кетейік, өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6530,1 шақырым болса, соның 1392,55 шақырымы - республикалық, 5137,55 шақырымы - облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Биыл осы жолдардың барлығы 500 шақырымын жөндеу көзделуде.