Қазақстан • 03 Тамыз, 2017

Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі флешмобы өтеді

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 тамызда сағат 11.00-де «PromenadeExpo» ТК-де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының 10 жылдығына арналған флешмоб өтеді.

Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі флешмобы өтеді

Байқау корпоративті әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша халықты кең ақпараттандыру үшін өткізіледі.

 - «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша жүлделер шағын және орта кәсіпкерлік, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі, - дейді ұйымдастырушылар.

Шараға 2016 ж. байқаудың жеңімпазы - «Bi Holding» ЖШС және «Астана жастары» КММ еріктілері қатысады. Флешмоб елордалық әкімдіктің қолдауымен өткізіледі.