Қазақстан • 08 Тамыз, 2017

Ермековті ескеру елдік іс емес пе?

594 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Алдымда «Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жылғы 3 ақпандағы санында жарияланған «Алаш тұлғасы тұтынған бұйымдар» аталатын мақалаға көзім түсті. Оқып отырмын. Шағын мақала. Әлімхан Ермеков туралы. Дұрысы Ә.Ермековтің «Ұлттық музейге» қиыр-шиыр жолдардан өтіп барып, келіп түскен «бұйым-тайымы» туралы. Орысшаласақ, Ұлттық музейдің экспонаты туралы. Газет маңызды мәселе хабарлап отыр. Ә.Ермековтің көзілдірігі, қол сағаты Ұлттық музейге тапсырылыпты. Тамаша! Өркениетті елдерде ұлтының ұлы тұлғаларының тағдыр-тарихына қатысты титімдей экспонат табылса қуана қол соғады. Айқайлап айдай әлемге жар салады. Бұйым-тайымы табылды деп бас газетімізде жазылғандай Әлімхан Ермеков кім?

Ермековті ескеру елдік іс емес пе?

Әлімхан Ермеков − «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозға­лы­сының жетекшісінің бірі. Ол кезде (бұдан жүз жыл бұрын) Әлекең тіпті жасөспірім дерлік жас­та. Өзі бала болғанымен ұлты үшін, қазақ ұлтының Отаны – қа­сиетті жері үшін 1917-1930 жылдар арасында да­налық көрсете біл­ген көргенді тұлға. Ол − қазақ елі­нің шекарасы үшін боль­шевизм кө­се­мі, социализмді тео­­рия­лық тұр­ғы­дан негіздеуші В.И.Ле­­ниннің қабыл­дауында болған, «кө­сем­ді» өз дүниетанымымен иіп, Қа­­зақ елі­нің шекарасын сақтап қал­ған ерен тұлға. Жас шағында Том қа­ла­­сында жалындаған отты ақын Сұл­танмахмұтпен бір пәтерде жатып, бір­ге оқыған, тіпті ақынды оқыт­­қан тұлға − Әлімхан Ермеков. Қа­­зақ ұлтының көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлына ілесіп шыққан ұлтшыл ұлы азамат. 1930-31 жылдары Кеңес өкіметіне көзқарасы үшін жампоз жазушы Жүсіпбек Аймауытовты атып жі­берді де, Әлімхан Ермеков пен Мұх­тар Әуезовті кешірген болып жарық­­қа шығарды. Осы сәттен бас­тап М.Әуе­зов бірыңғай әде­биет­­пен, Ә.Ермеков математика ғы­­лымымен айналысты. Еке­уі де профессор. Мақала авторы А.Сейі­­лова айтқандай, «Қазақ ті­лін­­дегі тұңғыш «Жоғары мате­ма­­тика курсы» оқулығын жаз­ды. Қа­ра­ғанды мемлекеттік универ­си­тетінде профессор ретінде сабақ бе­ріп, шәкірт тәрбиеледі. Мен қазақ­пын деген азамат Әлімхан Ерме­ков­ті біледі, әрине. Артық айт­сақ, ға­фу, Әлекеңнің бүкіл өмірі (1931 ж. кейінгі) саяси сенімсіз адам ре­тінде үй қамағында өтті десе болады. Коммунистік қоғамды Әлекең, Алаш көсемінің бірі − Әлекеңді ком­­мунистік қоғам қабылдамады. Азын-аулақ тілектестерімен оңаша сыр­­ласып, көз жасын жұтып қойып, тір­­шілік кешті.

Оңаша тілеулестерінің бірі, Алаш­­­­­­тың жұрт­та қалған жетім қозы­­сы атанған профессор Бейсем­бай Кенже­байұлы 1961 жылы Әле­кеңнің асау ­жүректі ақын Сұлтан­махмұт Тор­айғырұлы туралы естелігін жаз­­­ды­­рып алып ақынның екі том­ды­ғына енгізген. Екі томдық жа­­рық көрді. Бір Сұғынғали(ол да қа­­зақ) көрсетуімен сол кезгі Қазақ­­­стан Компар­тиясы Орта­лық коми­­­­тетінің екін­ші хатшысы, Мәскеуді арқаланып бірінші хат­­­шыға басымшылық жасайтын М.С.Соломенцов С.Торайғыровтың екі том­­дығын шығарушыларды бюро­да қаратқан. Не үшін? Екі том­дық­қа Алашорда көсемінің бірі Әлім­хан Ермековтің естелігі еніп кет­кені үшін! Кітап иесі «Жазушы» бас­па­сы басшылары «Біз білмей қал­дық. Құрастырушы профессор Бейсембай Кенжебаевич... сол кісіге сендік. Сол кісі кінәлі...» – деп бі­рі­нің аузына бірі түкіріп қой­ған­дай жауап­­тады бюрода. Отар­­шы ком­мунист сек­ретарьдың «Встать! Руки по швам!» – де­ген ай­қайын кө­тере алмай: «Әй, әй, Соломен­цов, не кричи на меня! Я боль­шевик ленинского призыва, ста­­рый ком­мунист, а ты кто? Не кри­­чи на ме­ня! Смотри на потолок! – Шаңы­рақ­қа қара! Где ты нахо­дишься?»-деп ай­қай салатыны осы жолы. Абдыраған Соломенцовтің: «Кі­­тап туралсын! Кенжебаевқа қа­таң сө­гіс! Қалғаныңа бірің қалмай, сө­гіс жа­рия­­лаймын!» − деп ентігіпті, сол жолы Соломенцов! Міне, Алаш көсе­­мі­нің бірі − Әлімхан Ермековке Кеңес өкіметінің көзқарасы!

Сөйткен, Әлекең 70-ші жылдары іш құсалықпен қапамен өмірден өт­ті. Орталық Комитеттен «қатаң сөгіс» арқалап шыққан профессор Бей­сем­бай Кенжебайұлының пар­тия­лылығы қаралды, қызметтен шет­тетілді (бұрын оны, яғни 1953 жылы ату­ға ыңғайлаған. И.В.Сталин өліп қалып, аман қалған оққағары бар профессор), идеология жөніндегі шұ­­бар хатшы тапсырма бойынша про­фе­ссордың соңына түсті. «Қазақ­­стан коммунисі» журналында «Сұлтанмахмұт Торайғыров» ата­­ла­тын кітабын жамандап жазды. Қыл-қысқасы қыр соңынан қал­мады. Есесіне қыран жүрек ғалым Әлім­хан мен Сұлтанмахмұттың дос­тығын көркем әңгімеге айналдырып «Жаңбырда» деген атпен «Лениншіл жас» газеті бетінде жа­рия­л­ады... Әлім­­хан естелігі жаң­ғырды. Алаш­ор­да аты жастар газеті бетінде жаң­ғы­­рып қазақ даласын кер­неп кетіп бара жатты...

 Міне, Әлімхан Ермековтің шынайы өмірі. Сондықтан тәуелсіз Қазақ­стан өздігінен орнай қалған де­ген пікірден аулақ болған мақұл! Мақалада 1935 жылы Әлімхан Ерме­­ковтің малдәрігерлік институ­тында кафедра басқарғаны айтылып­ты. Қай­дам? Малдәрігерлік институ­тын ректор болып бірсыпыра жыл бас­­қар­ған Әле­кеңнің інісі – Мү­­сілім Ермеков! Мүсекеңді біле­тін едік. Құдайы көрші тұрдық. Асы­лы, інісімен шатастырып отыр­ған бо­лар журналист. Алда мұн­дай дерекке зейінді болу үшін ай­­тып отырмын. Әлімхан Ерме­ковті түрмеден шығарғанда Ал­ма­тыда тұрмасқа үкім кесіп шы­ғар­ған. Қайраткердің бар өмірі Қарағандыда өтті. Ғылымы да Қарағандымен тығыз байланысты. Ғалымның кіндігін Қарағанды кес-кен... Студенттерге оқитын лек­ция­сына цензура танысып, қол қойып беріп отыратын болған.... Ол кісі­нің Қарағанды қаласында өткен өмірін «Саптыаяққа қымыз құйып, сабынан қарауыл қаратқан...» (М.Әуезов) шарасыз тіршілік деп атарсың осыдан кейін.

Менің бір түсінбей отырғаным неге ғана Әлімхан Ермековтің бұйым-тайы­мы Қ.Өскенбаев арқылы 2007 жы­лы «АЛЖИР» мемориалдық музейіне түсіп, сол музей арқылы «Ұлт­тық музейге» қарай сапырылы­сып сапарлап жүр? Мұрагерлік жасап жүрген кім? Өз ұрпақтары қайда? Көзіл­дірік, қол сағатынан басқа бұйым-­тайымы қайда? Олардың бәрі баға жеткізгісіз экспонаттар емес пе? Өрке­ниетті елдерде мұндай қа­дір­лі тұлғаларының бір бұйым-тайы­мын шашау шығармайды. Ал, қайталанбас тарихтың қайталанбас қайраткері Әлекеңнің бұйымдары қаладан қалаға, музейден музейге қыдырыстап жүреді... Паспорты қайда ол заттардың? Музей ісінде қазақшылықты қоятын, көзді кеңірек ашатын уақыт болды ғой.

Мен неге күйіне сөйлеп отырмын? Жазушылық, ғалымдық еңбегіммен қоса Мәскеуде музейдің оқуын оқы­ған адаммын. Музей – ұлттың мерейі­не, мемлекеттің мақтанышына айналатын уақыт болды ғой.

Жақында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алматыда музейлерді аралаған сә­тін­­де:

«Әлемдегі кез келген ірі қалада му­зейлер өте көп. Бұған біздің де ерек­ше назар аударғанымыз жөн. Музейлер туристерді көбірек тарту үшін қажет, ал туризм − әрбір мемлекеттің эко­но­ми­касының маңызды саласы» («Еге­мен Қазақстан» 21.ХІІ. 2016 ж.)-деді. Біле білсек, музей – ұлт мә­дениетінің мәйегі! Әлімхан Ерме­ков − ұлттың ХХ ғасырдағы қай­мағы. Мемлекеттілігіміздің ірі та­ри­хи тұлғасы. Қаймағы кетіп, қа­тығы қалған қазақ ұлтына өзі тұр­ған, еңбек еткен үйден кеңейтіп «Әлімхан Ермековтің музейін» неге жасақтамасқа. Биыл Алашорданың 100 жылдығы. Әлімхан Ермековтің өзін, өсіп-өнген әулетін (інісі Мүсілім де Жоғары мектептің ірі тұлғасы еді.), қайраткерлік орта­сын бай экспонатпен жан-жақ­ты ашатын әдемі музей неге жасақ­тамасқа?! Сонда бү­гіннің өзінде жақсыдан қалған жәді­герліктің қайда екенін білмей дағ­дарып отырысымыз мынау... Сақ­талды ма, жоқ па? Сақталып Ұлт­тық музей қорына іліккен бұйым-тайымның көшіп жүрісі мынау. Қарағандыда Әлімхан Ермековтей қайраткерге өзі іргесін қаласқан Алаш­­орда аумағын қамти музей аш­са – облыс қазақыланбас па, облыс тұр­ғындарының санасы сараланбай, ұлттық сапа бітіп саралана түспес пе? Осы бір елдік істі іргелі об­лыс­тың таяуда ғана тізгінін ұстаған әкім Ерлан Қошанов «Ұлтына, жұр­тына қызмет ету – білімнен емес, мі­нез­ден», деп Әлихан Бөкейхан айт­қандай, әдемі атқарып жатса, ұлт алдында да, жұрт алдында абыройы асар еді-ау!

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінің қонақтары Қара­ған­­ды­ға келеріне ешкімнің күмәні жоқ. Келе қалғанда олар бүгін Қа­рағандыдан қандай ұлттық мәде­ниет үлгісін көреді? Бүгін бар, ертең жоқ. Замана үдерісі деге­німіз осы! Бүгінгі қайраткерсымақ аза­маттар экономика деген жалау­ды ұстап алған да жан-жағына қарамай алға қарай жүгіріп бара жатқан күйінде елестейді. Образ. Экономика – елдің әл-ауқаты. Оған кім қарсы? Бірақ, руханиятсыз мемлекет – мешеу, ұлттық болмыс- бітімсіз келешегі жоқ.

Құлбек ЕРГӨБЕК,
профессор