Аймақтар • 08 Тамыз, 2017

Жырауға ескерткіш орнатылды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аңыздар мен абыздардың, ақындар мен батырлардың елі атанған Аягөзде «Күлдір де күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз. Күде­рі­ден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екен­біз» деп жырлаған әйгілі жырау, батыр Ақтам­берді Сарыұлына ескерткіш орнатылды.

Жырауға ескерткіш орнатылды

Батыр­дың кеуде мүсінінің ашылу салтанатына қатысқан ау­дан әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев, ау­дандық мәслихаттың хатшысы Сейілбек Ыс­қақов, «Қасқалдақ» қоғамдық қорының төра­ға­сы Амангелді Керімтаев секілді азаматтар Ая­гөз өңірінде бабаларды ұлықтау, өткенімізді ұмытпау бағдарында ауқымды жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтіп, ескерткіштің бой көтеруіне мұрындық болған дара тұлғаның ұрпақтарына алғыстарын айтты.

«Ақтамберді бабамыз сөз ұстаған ақын ға­на емес, айтулы батыр, қол бастаған қолбасы бол­­ған. Ол кісінің басшылығымен қазақ жау­ынгерлері бірнеше мәрте жоңғарларға күй­рете соққы берген. Сондықтан жырау ес­керткішінің ашы­луы жас ұрпақты отан­шыл­дық рухта тәрбиелеуге зор үлесін қосады деп ойлаймыз», дейді батырдың ұрпағы, Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.

Қаланың қақ ортасына батырдың өз атындағы көшеге орнатылған ескерткіштің авторы, мүсінші  Нұрбол Қалиев. Батырдың кеуде мүсіннің биіктігі − тұғырымен қоса есептегенде 2, 5 метр.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы