Аймақтар • 08 Тамыз, 2017

Павлодарда «China-Kazakhstan Modern Agricultural Company» ЖШС кәсіпорын салынады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Павлодарда «China-Kazakhstan Modern Agricultural Company» ЖШС кәсіпорын салынады

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарынша қытайлықтар  ауылдардан ет алып, дайын өнім шығаруды жоспарлауда.

Жергілікті кәсіпкерлер қытайлықтармен бірлесіп түйіршіктелген мал азығын дайындайтын жобаны қолға алмақшы. Әрине, экспорттың артуы шаруалар үшін тиімді болары анық. Өзіміз жерді сақтап, баптап күтетін болсақ-жер де бізді сақтайды дегендей.

Қазір Қытай кәсіпкерлері біздің  ауылдардың ақ бидайына, дәмді балына, таза, сапалы ұнына қызығып отыр. Жергілікті кәсіпкерлердің де назары Қытай нарығында. Сондықтан  бал, бидай, ұн өнімдерін экспорттау бойынша екі жақсы хаттамаға қол қойылыпты.  Түркия елінен де инвесторлар келіп кетіпті. Бірақ, қытайлықтар біздің облыстан жекізілген ет,  ет өнімдерінің сапасына сын айтыпты. Қазір павлодарлық қайта өңдеу кәсіпорындарына халықаралық зертханалардың мамандары тартылуда.

Жалпы, Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 300 кәсіпорын бар. Оның 221-і өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдесе, 79-ы мал шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі  алты айда 30,7 млрд.теңгені құраған. Жыл басынан бері Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне жалпы көлемі 46,4 мың тонна болатын бидай, ұн, жарма, сәбіз, картоп жөнелтіліпті.  

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»