Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманомен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын және халықаралық форумның күн тәртібін талқылады.
– Қазақстан – бұл өзге елдер үшін үлгі. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамасын қолдаймын. Сіздердің Президенттеріңіз қазірдің өзінде адамзат ядролық қарусыз әлемге жақындауға тағы бір қадам жасауы үшін өте көп жұмыс жасады. МАГАТЭ Қазақстанды барлық кезде, соның ішінде ядролық энергетиканы бейбіт дамытуда қолдайтын болады, – деп атап өтті Ю.Амано.
* * *
Мемлекет басшысы ОАР экс-Президенті, «Жаһандық көшбасшылық қорының» президенті Фредерик де Клеркпен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ халықаралық форумның күн тәртібі талқыланды.* * *
Президент Канзас штатының губернаторы Сэмноэл Браунбекті қабылдады. Кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимыл мәселесі, сондай-ақ халықаралық форумның күн тәртібі талқыланды.* * *
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ конгресмені Эни Фалеомаваеганы қабылдады. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық форумның күн тәртібін талқылады.* * *
Мемлекет басшысы Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Тибор Тотты қабылдады. Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастық мәселесі мен халықаралық форумның күн тәртібі талқыланды.