Аймақтар • 09 Тамыз, 2017

Алматыда жер сілкінді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылықтар көршілес жатқан Қытайдағы жер сілкінісін сезінді.

Алматыда жер сілкінді

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша  5:27-те тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматыдан 490 км жерде, ШҰАӨ аумағында болған. Еуропа сейсмологиялық орталығының деректері бойынша, зілзала қуаты 6,4 балды құрады. Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алдын ала мәліметтер бойынша, Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.