Жазғы спорт • 09 Тамыз, 2017

Павлодарда шаңғы жарысынан жазғы чемпионат өтеді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 тамызда Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысады.

Павлодарда шаңғы жарысынан жазғы чемпионат өтеді

Дәстүрлі түрде өткізілетін жазғы жарыстардың мақсаты шаңғы спортын насихаттау, спортшыларды шаңғы жарысымен айналысуға баулу. 15 тамызға дейін 12 мен 18 жас аралығындағы спортшы жасөспірімдер мен қыздар жарыстарға қатысып, 2-ден 10 шақырымға дейінгі әр түрлі қашықтықтарды бағындырмақ.

Алдағы жарыстың бас төрешісі – шаңғы жарысынан Павлодар облысы құрамасының бас жаттықтырушысы, спорт шебері Евгений Кисляков. Жарысқа қатысу туралы өтінімдер 9 тамызға дейін қабылданады.