Қазақстан • 09 Тамыз, 2017

Астанада жыл аяғына дейін 111 апатты үй бұзылады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада соңғы үш жылдың ішінде 117 апатты тұрғын үй күрелді. Осы жылдың соңына дейін тағы 111 үй бұзылып, 1850 тұрғын жаңа баспанасына қоныстанады деп жоспарланып отыр, — деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Астанада жыл аяғына дейін 111 апатты үй бұзылады

2013-2016 жылдар аралығында күрелген төтенше жағдайдағы үйлерде тұрып келген 1570 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Жыл соңына дейін қоныс тойын тойлаушылардың саны 1850 отбасыға көбеймек.

Себебі, биылғы жылдың соңына дейін күрелетін апатты үйлердің тұрғындарына осынша пәтердің кілті табысталады. Жалпы күреліп жатқан үйлердің дені өткен ғасырдың 40-70 жылдарында салынған. Тозығы жеткен үйлерде тұру адам өміріне қауіп төндіреді. Инженерлік желілер тозған, есік-терезелері шіріген үйлердің едендері мен желтөрелерінің жағдайы айтпаса да түсінікті.

Елордадағы апатты үйлердің көбі Сарыарқа ауданында. Олардың саны — 124. Алматы ауданында — 82, ал Есілде — 22 тозығы жеткен үй бар. Апатты үйлерді бұзу жұмысы ғимараттың төбесін ашудан басталады. Одан соң жылу желілер мен төбедегі бетон қаптамалары алынады. Кірпіштерін бір бөлек, қоқыстарын бір бөлек жинап, ең соңында қала сыртындағы қоқыс полигонына жөнелтіледі.

Жыл соңына дейін күрелетін үйлердің орындарына Астана билігі саябақтар мен гүлзарлар салуды жоспарлап отыр. Бұл үйлерді күреу ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.