«Туған елге саяхат» жобасы «Самұрық-Қазына Trust» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асқан. Жоба мақсаты - сыртқы әлемге балалардың қызығушылығын арттыру, елдің тарихы мен сәулет ескерткіштерін зерттеп, патриотизмге тәрбиелеу. Балалардың барлығы да шалғайда тұратын, сабақтарын үздік оқитын, көп балалы, толық емес отбасыларынан құралған.
Түркістанға сапар барысында балалар «Әзірет Сұлтан» қорық музейін аралап Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қандай екендігін өз көздерімен көріп, таңданыстарын жасыра алмады.