Аймақтар • 11 Тамыз, 2017

СҚО-да мүгедектерге құрылғылар алу үшін 610 млн теңге қарастырылған

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында 28 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам есепте тұрса, олардың екі мыңдайы – 16 жасқа дейінгі балалар.

СҚО-да мүгедектерге құрылғылар алу үшін 610 млн теңге қарастырылған

Оларға мүгедек қол арбалары мен есту құрылғыларын алуға мемлекеттік квота есебінен 610 миллион теңге қарастырылған.

«Бүгінгі күні 3,5 мың мүгедек қажетті құралдармен, 4 мың мүгедек көмекші құрылғылармен жабдықталды. Жыл соңына дейін тағы 1,5 мың адам қамтылатын болады. Сондай-ақ жеке гигиенаға арналған заттардың саны ұлғайтылды», дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Мәулетбаева.

Биылдан бастап дімкәс жандарға сурдо-тефлотехникалық құралдардан бөлек ұялы телефондар мен ноутбкутар бөлу қарастырылса, 30 телефон мен  20 компьютер иелерін тапты. Шипажайларда тынығу үшін кембағал адамдарға 600 жолдама беріледі.

Төрт облысты қамтитын Петропавл протез-ортопедия зауыты протез-ортопедиялық құралдар шығарып, оңалту қызметтерінің сапасын арттыруды басты нысана еткен. Қазір жамбас пен тізе протездерінің ыңғайлы түрлерін шығарумен айналысуда.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»