Қазақстан • 12 Тамыз, 2017

Қатерлі ісікті мобильдік қосымша арқылы анықтауға болады

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатерлі ісіктің пайда болу қаупін анықтауға мүмкіндік беретін «Онкоскрин» мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қатерлі ісікті мобильдік қосымша арқылы анықтауға болады

Науқасқа бағдарланған мобильдік ресурсты жасау идеясы Кардиологиялық орталықтың рентген-хирургы Дмитрий Тёға тиесілі.

Ол кардиологиядан бөлек, үш жыл қатарынан асқазан қатерлі ісігінің скринингімен айналысып келеді. Дәрігер осы жылдар ішінде адамдар қатерлі ісік скринингінен үрейленетінін және олардың онкосырқаттар жайлы хабары аздығына көзі жеткен.

 «Скринингілік топтарға жататындар арасында түсініспеушілік кездеседі, кейде олар тексеруден өтуге үзілді-кесілді бас тартады. Шетелде мұндай жоқ. Онда сақтандыру медицинасы өте қымбат және адамдар дер уақытында тексерілу асқынған жағдайларды емдеуге қарағанда арзан екендігін жіті түсінеді. Қосымшаны жасап шығару идеясы жүрек ақауларымен қоса, онкология түйткілдерін зерттеу үшін әртүрлі елдердің клиникаларында болған кезімде келді. Мұндай қосымшалар шетелде сұранысқа ие. Науқастар үшін цифрлы мобильдік бағдарламалардың көптеген сервистері бар. Бұл дәрігерге де, науқасқа да өте ыңғайлы әрі тиімді», - деп атап өтті Дмитрий Тё.

Идеяны іс жүзіне асыруға NEP (New Economic Platform) компаниясы көмектескен. Ол дәрігерді медицинадағы авторлық әзірлеушілердің командасына шақырған. Ресурсты жасап шығару ағымдағы жылдың мамыр айында басталды.

Дмитрий Тёнің айтуынша, СҚО әкімі жобаға қызығушылық білдіріп, оған қолдау көрсеткен. «Онкоскрин» қосымшасы маусым айында «Хакатон-2017» байқауына қатыстырылып, екінші орынды иеленді. Жобаны әзірлеушілер Түркияда тағлымдамадан өтуге грант алды.

Қосымша Play Market-ке қыркүйек айында енгізіледі. Бұл жоба әзірге солтүстікқазақстандықтар үшін ғана қолжетімді. Кейін оны өзге өңірдің тұрғындары пайдалана алатын болады.