Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ пен дауыл болжанады, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда тұман болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін, түнде жекелеген аумақтарда желдің жылдамдығы 18-23 м/с артады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл көтеріледі, бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, түнде және таңертең тұман болжанады.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.