Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет мәселелері бойынша консультативтік кеңестің кезекті отырысы болды.
Қаржы министрі Болат Жәмішев кезекті отырысты өз әріптестерін кәсіби мейрамдарымен құттықтаудан бастады. Оған мемлекет органдарының және кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығының өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде халықаралық маңызы бар мәселелер (Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ғаламдық индексінің қорытындылары және Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық нәтижелері) және Қазақстанның маңызды ішкі заңнамалық бастамашылық мәселелері қаралды.
Отырыста атап көрсетілгеніндей, Қазақстанның «Аудиторлық және есептілік стандарттар дәрежесі» көрсеткіштері бес пунктке көтерілген. 2010 жылы Қазақстан 142 елдің ішінен 93 орында болған еді. Бұл көрсеткіш Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарында көзделгеннен гөрі біраз жақсарған. Сол сияқты, 2010-2011 жылдардағы жұмыс қорытындылары бойынша Дүниежүзілік банктің есебінде берген ұсынымдары мен ұсыныстарының абыроймен орындалғаны атап өтілді.
Отырыста Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар айқындалды. Мысалы, қаржы есептілік депозитарийін енгізу мәселесі. Бұл мәселе қаржы есептілік сапасын көтереді. Пайдаланушылар ендігі жерде www.dfo.kz. сайтына кіру арқылы қажетті ақпараттарды ала алады.
Орта және шағын бизнеске жүктемені төмендету мақсатында орта бизнес субъектілер санатын айқындау жоспарланып отыр. Оларға едәуір жеңілдіктер берілген. Қалған шағын бизнес субъектілері № 1 Халықаралық қаржылық есептілік стандартын қолданатын болады. Ол оңайлату жағына қайта қаралып отыр. Бұл жағдай кәсіпкерлердің шығыстарын елеулі түрде қысқартады. Орта бизнес кәсіпорны ендігі кезекте ХҚЕС қолданатын болады, бұл ХҚЕС-тың толық жиынтығынан әлдеқайда жеңілірек және оның ресми дайын оқу материалдары бар. Осы мәселе жөнінде Қаржы министрлігі Кәсіби қауымдастықпен бірлесе отырып, Астана мен Алматы қалаларында шағын және орта кәсіпкерлік үшін ХҚЕС бойынша 2012 жылға екі семинар өткізуді жоспарлап отыр.
Консультативтік орган кеңесінің нәтижелері бойынша талқылауға қатысқан кәсіби ұйымдардың өкілдері Қаржы министрлігінің ұсынысын қолдады және консультативтік кеңестің маңызды жұмыстарын атап көрсетіп, бұл өзгерістер мен реттеулер пайдаланушылар үшін есептіліктің сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігін жеткізді.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.