Аймақтар • 16 Тамыз, 2017

Жарық диодты шамдар экспортқа шығарылады

866 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жарық диодты шамдар шығаратын ақмолалық компания өз өнімдерін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Атбасарлық жарық диодты шамдар мен металл құрылғыларын шығаратын «Казтехникс» зауыты осыдан төрт жыл бұрын ғана іске қосылып, қазіргі таңда отандық рынокта өзінің жақсы нәтижелерімен танылып үлгерді.

Жарық диодты шамдар экспортқа шығарылады

Аталған зауыттың коммер­ция­лық директоры Айжарқын Уалиев Өңірлік коммуникация­лар қызметінде өткізілген бри­финг барысында жарық диод­ты шамдар жоғары сапа­сымен ерекшеленетінін айта келіп, оның үлкен сұранысқа ие екенін көлденең тартты. Енді компания басшылары ТМД елдері рыногына шығуды көз­деп отырғанын айтты. Орайы келгенде А.Уалиев кә­сіп­орын жа­рық диодтары мен ме­тал­л құ­рылғыларын әзір­­­леу мен жетілдіру ба­ғы­тын­да көп­теген шаруалар тын­ды­рыл­ғандығына назар ау­дартты. Компанияның басым бағыты – өздері жасаған сыртқы қалып базасында шам­дарды жинау, сонымен бір­ге фирмалар үшін диодты жа­рық­қа арналған шамдар мен олар­дың қаптамаларын әзірлеу, ең бастысы, шамдар мен олар­дың қосалқы бөлшектерін сау­даға шығару. Кәсіпорында өн­ді­рілетін шамдарды кез келген ауа райында, тіпті ыстық цех­тар мен ылғалды ғима­рат­тар­да да пайдалануға болады. 

Шығарылған өнім әмбе­бап екендігін де айта кеткен орынды. Өйткені, мұн­дай өнім­дерді тұр­­ғын үй-ком­муналдық ша­руа­­шы­лықта, сәу­леттік жа­рық­­­тандыруда, авто­трассада жә­­­не ірі өнді­ріс нысандарында пай­­дала­ну­ға мүмкіншілік бар. Шам­дардың орташа бағасы 2000 теңге, ал үнемделетін элек­тр қуаты шамамен 65 пайызды құ­райды. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорында 25 қыз­меткер жұмыс істейді. Олар­дың алатын жалақысы мамандығы мен өтіліне қарай 60 мың теңгеден басталады. Айжарқын Уалиев компания бірер айда жақын шет­елдерге өз өнімдерін өткізе бас­тайтындығын алға тарта отырып, алғашқы серіктес ел Өзбекстан Республикасы бола­тын­дығын айтты.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы