Парламент • 16 Тамыз, 2017

Келелі мәселелер қозғалған кездесу

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Коммунистік халық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Владислав Косарев бастаған топ Ақмола облысының Бурабай ауданында сайлаушылармен кездесті.

Келелі мәселелер қозғалған кездесу

Халықтық коммунистер фрак­­циясының жетекшісі өз сө­зінде Парламент Мәжілісінің өт­­кен сессиясында атқарылған ша­руа­лар жайлы айта келіп, сай­лау­­шыларды партияның заң шы­ғар­машылық жұмысынан хабар­­дар етті. Бұл ретте депутат конс­титуциялық рефор­ма шеңберінде заңдарға енгізілген өзгерістер жайын қозғады. Мемлекет бас­шы­­сының «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» Жолдауының негіз­гі ережелері мен «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ат­ты мақаласында көтерілген мәсе­лелер туралы да өз ойын ортаға салды және фракцияның жұ­мы­сымен де таныс­тыра кетті. 

Атап айтқанда, Владислав Коса­рев жиналғандарды партия­ның заңнамалық бастамалары­мен таныстыра отырып, өзге де жұ­мыс­тарының қырын ашып көрсе­туге тырысты. Депутат сайлау­шы­­лармен ауыл шаруашылығын­дағы өзгерістерге көңілі толатын­дығымен де бөлісуді жөн көрді. Депутаттың жеке қабыл­дауына 8 адам жазылды. Олар өңірдегі өздерін толған­ды­ратын мәселелерді ортаға салды. Щучье қаласы әкімінің орынбасары А.Ахметова көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар атқарылып жатқандығын айтты. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы