Аймақтар • 16 Тамыз, 2017

Партиялық жобалар – басты назарда

352 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы об­лыс­тық филиалының саяси кеңе­сі бю­ро­сының отырысында сая­си ұйым­ның сайлауалды тұғырна­ма­сы­ның орындалу барысы қара­лып, депутаттық комиссия жетекші­ле­рінің есептері тыңдалды.

Партиялық жобалар – басты назарда

Мінбеге бірінші болып кө­те­рілген «Білім» комис­сия­сының төрайымы, облыстық мәс­лихаттың депутаты Ғабура Бөс­текованың айтуынша, үш ауы­сымдық және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толық шешілген. 3 пен 6 жастағы бал­дыр­ғандарды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 99,6 пайызды құрайды. 

Ол өз сөзінде қалада жұмыс істейтін 125 қысқа мерзімді ша­ғын орталықтарда білім, тәр­бие сапасының төмендігін айта ке­ліп, олардың санын қысқар­туды ұсынды. Керісінше, «Бере­ке», «Жас өркен» шағын орта­лық­та­ры балабақшаға мұқтаж. ­Сол сияқты 3 жасқа дейінгі ба­ла­қай­ларды мектепке дейін­гі тәр­биемен қамту жайы да өт­кір күйінде қалып отыр. Мем­ле­кет­-жекеменшік әріптестігі шең­берінде 19 ғана мекеме бар. Бұл салада ілгерілеу баяу. Әсі­­ресе, педагог кадрларының жетіс­пеушілігі айқын сезіледі. Бүгінгі таңда 253 штат бос тұр. 47 математик тапшы. Оның бірден-бір себебіне ауылдық жерлердегі оқушылар санының аздығы көлденең тартылды. 

Облыстық филиал төрағасы, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов ауылдық мектептерде 6-7 бала оқыса да, сапалы біліммен қамта­масыз ету басты талап болып табылатынын, мәселені жан-жақты саралау қажеттігін, орын алған кемшіліктерді жоюға жер­гілікті атқарушы орындарды да жұмылдыруды атап көрсетті. 

Облыстық білім басқар­масының басшысы Гүлмира Кә­рімова өз хабарламасында білім беру саласында 15846 мұғалім еңбек ететінін, олардың 53 пайызы жоғары және бірінші санатқа ие екенін жеткізді. Жаңартылған бағдарлама шеңберінде 8400 оқушы білім алған. Жаңа оқу жылынан бастап 30 мың оқушы қамтылмақ. «Дипломмен – ауыл­ға» бағдарламасы аясын­да былтыр 360 жас маман елді мекендерге орналастырыл­са, биыл 510 маман келеді деп кү­тілуде. Атқарылған жұмыстарға қара­мастан жас мамандардың үлесі 3,8 пайыз ғана. Оларға әлеу­меттік қолдау жан-жақты жасал­майтындықтан, тұрақтай бер­мейді. Университет пен кол­ледждерде педагог ма­ман­дық­тары аз дайындалатыны көп­тен бері көтеріліп келеді. Кей ма­ман­дықтар бойынша 5-6 адам ғана оқиды. Ұлттық бірың­ғай тес­тілеу қорытындысы қанағат­тандырмайтынын атап көрсеткен Құмар Іргебайұлы жағдайға талдау жасауды жүктеді. 

Мамлют ауданының әкімі Ерболат Бекшенов пен «Нұр Отан» партиясы Қызылжар ау­дан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Әбу­тәліп «Ардагерлерді ардақ­тайық!», «Кедергісіз келешек» бағдарламаларының орындалу барысы жайлы баяндады. Мамлют ауданында 25 іс-шара өткізіліп, мүмкіндігі шектеулі 6 адам жұмысқа орналастырылған. Ғимараттарға қиындықсыз кіру үнемі қадағаланып отырады. Қызылжар ауданында же­ті жоба бойынша 236 шара ұйым­дастырылып, оларға 7 мыңнан астам адам қатысқан. 343 қария мен 17 міскін жанға тұрақты қол­дау көрсетіледі. «Бақытты бала­лық шақ» жобасы аясында 102 жетім бала қамқорлыққа алын­ған. Тұрғындардың сұранысына зер салу, күнделікті тұрмыс-тір­шілігін білу аса маңызды. Өкі­ніш­ке қарай, кей жерлерде бір мү­гедек жанды ай сайын жұ­мыс­қа орналастырып, бірнеше жаңа жұмыс орнын ашқан сияқты есеп беру фактілері кездеседі, деді фи­лиал төрағасы. Осы жағын ық­тият­тауды міндеттеді.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов саяси ұйымның «Бірлік. Тұрақ­тылық. Жасампаздық» атты сай­­лауалды бағдарламасының 8 ба­ғыты бойынша партиялық ку­р­а­тор­лардың атқарған жұмыс­тарына талдау жасап, кейбі­ріне көңіл толмаушылық білдір­ді. Тапсырылған учаскелер­ге жүр­дім-бардым қараған «Ин­дус­трия­лық даму» комиссиясының төрағасы Қуаныш Бишімов пен «Шағын және орта кәсіп­кер­лікті қолдау» сараптама тобы­ның үйлестірушісі Гюлага Илды­ры­мовқа партиялық жаза қолдану ұсынысы мақұлданды.

Қ.Ақсақалов алдағы уа­қыт­та мұндай депутаттардың кура­тор­лыққа лайықты-лайықсыздығын шешуді тапсырды. Партиялық жобалар шеңберінде жүзеге асы­рылатын іс-шаралардың ауқым­дылығымен қоса, сапасы басты назарға алынуын ерекше ескертті.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы