Ауыр атлетика • 20 Тамыз, 2017

Жазғы Универсиада-2017: Арлей Чонтей Қазақстанға алғашқы медаль әкелді

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық зілтемірші Арлей Чонтей Тайбэйде өтіп жатқан Жазғы Универсиадада ауыр атлетиканың 56 келі салмағында қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жазғы Универсиада-2017: Арлей Чонтей Қазақстанға алғашқы медаль әкелді

Сурет Dodasport.kz сайтынан алынды

Оның үздік нәтижесі – 258 келі (115-143). Күміс жүлде 263 келі (119+144) көтерген доминикандық Луис Альберто Гарсияға бұйырды. Алтын медальді 294 келі көрсеткішімен Солтүстік Корея зілтеміршісі Чол Юн Ом иеленіп кетті.

Еске сала кетейік, Рио-2016 Олимпиадасында Чонтей төртінші орын алып, медальсіз қалған болатын. Бұл жолғы солтүстіккореялық жеңімпаз ол додада күміс медаль иеленген болатын.

Тайвань қаласының Тайбэй қаласында өтіп жатқан Жазғы Универсиада ойындары 19 тамыз күні басталып, 30 тамызға дейін жалғасады. Чонтей Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль әкелді.
 

 

Соңғы жаңалықтар