Қазақстан • 21 Тамыз, 2017

Астанада шекара қызметінің ардагерлері марапатталды

498 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның жалпы шекаралық сызығы құрлық арқылы іргелес жатқан бес мемлекетпен, ал теңіз арқылы төрт елмен шектесетіні белгілі. Бүгінде ұзын-ырғасы он бес мың ша­қырымнан асатын осы шекаралық белдеуді шека­ра­шы­ла­ры­мыздың кірпік қақпай күзетіп келе жатқанына ширек ға­сыр толып отыр. Осыған орай, Астанада Ұлттық қауіпсіздік ко­­митеті Шекара қызметінің құрылуының 25 жылдығы құр­ме­тіне мерекелік жиын өтіп, онда кәсіп иелеріне зор құрмет көр­сетілді.

Астанада шекара қызметінің ардагерлері марапатталды

Ұлттық әскери-патриоттық ор­талықта ұйымдастырылған сал­танатты шарада шекара қыз­метінде ұзақ жылдар ең­бек етіп, ел тыныштығы үшін маң­дай терін төккен ардагерлерге сый-құр­мет көрсетілді. Сондай-ақ, осы күнде міндетін мінсіз ат­қа­рып, әріптестеріне үлгі бол­ған үз­дік шекарашылар мен са­ла­ның мақтаулы мамандары да бас­шылық тарапынан түрлі ма­ра­­паттарға ие болды.

Кәсіби мерекенің 25 жыл­ды­ғы қарсаңында республика аумағындағы шекаралық бе­кет­терді шарлаған аталған ме­кеменің мерейтойлық рәмізі Астанаға қайта оралды. Оны сал­танатты жағдайда қабылдап ал­ған Ұлттық қауіпсіздік комитеті тө­рағасының орынбасары-Шекара қызметінің директоры генерал-майор Дархан Ділманов Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаңа қалыптасқан мем­лекеттің шекаралық қадасын қа­ғып, тұғырын нықтауда, ай­қын мақ­сат, нақты тапсырмаларды жү­ктеуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екен­ді­гін ескертіп өтті.

«Кеңес кезеңінде Қазақ­стан­ның шығыстағы көр­шісі Қытай елімен 1 500 ша­қырымдай ға­на шекаралық ау­мағы болып, соны жіті ба­қы­лау­да ұстады. Ал Тәуел­сіз­дік ал­ғаннан кейінгі жылдарда бұл көр­сеткіш көлемі он бес мың ша­қы­рымнан асып түс­­ті. Жас мемле­кет үшін осын­­шама байтақ жер­ді көз­дің қарашығындай қор­ғау мен сақ­тау оңай шаруа емес екені бел­гілі еді. Мемлекет басшы­сы ай­қындап берген бағыт-бағ­дар­­л­ар­­мен жүре отырып, біз бүг­ін­­­гідей тамаша жетістіктерге жет­тік. Қай мемлекетті алсақ та, оның әлеуеті ұлттық қауіпсіздік қыз­­м­етінің жай-күйімен ұш­та­сатындығын ескерсек, біздің бүгінгі биіктеріміз бір белес болып табылады», деді ол.  

Д.Ділмановтың айтуынша, өзі жетекшілік ететін сала ма­ман­дары бұл күнде соңғы үлгі­дегі заманауи қару-жарақ пен түр­лі техникалармен қам­та­ма­сыз етіліп, қатарлары әс­кери мін­­деттерін мінсіз орындай ала­тын кәсіби шеберліктері шың­дал­ған тәжірибелі мамандармен толыққан. Қазақстан әлемдегі құр­лық­тық шекарасы ауқымды ел­дер­дің қатарында. Ұшқан құ­с­тың қанатын талдырып, тұл­пар­дың тұяғын тоздыратын Ұлы дала елінің мемлекеттік шекара­сын күзету ісінің шеберлері би­ыл­ғы жылдың алғашқы жартысын жоғары көрсеткіштермен қо­ры­тындылаған. Атап айтқанда, алты ай іші­нде ел шекарашылары 12 мың­­нан астам мемлекеттік ше­ка­ра құқын бұзу оқиғасын тір­ке­ген. Сол сияқты есірткі заттарын та­­сымалдаудың астыртын жолдарын анықтау ісінде де ма­­ман­дар­дың әбжіл әрекетті ай­қын көрінген.

«Ауыз толтырып айтар­лық­тай биылғы жетістіктеріміз аз емес. Оның бәрі де қатары­мыз­дағы сенімді серіктес, білікті әріп­тестеріміздің ерен еңбегінің нә­тижесі. Сондықтан да 1 280 ше­карашыны кәсіби мереке күні қар­саңында салтанатты түрде ма­рапаттағанды жөн санадық. Олардың кейбірінің мерзімінен бұрын шені өссе, енді бірінің кеудесіне мерекелік төсбелгі тағудамыз», деді Д.Ділманов.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»