Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

«Орел и Решка» бағдарламасы Қазақстанда

735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саяхат туралы танымал ТВ-бағдарлама Астана туралы хабар түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орел и Решка» бағдарламасы Қазақстанда

Аталмыш шоудың сайтында бағдарламаның аңдатпасы жарияланды. Онда «Орел и Решка» бағдарламасының жүргізушілерінің Астанада не көргені, қандай қызықты оқиғаларды бастан өткергендіктері туралы егжей-тегжейлі айтылған. Астанаға табан тіреген кез-келген әртіс бірінші кезекте қымыз туралы айтатын әдеті. Осы жолы да солай болды.

Қымызды бағдарлама жүргізушілері осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болғандығын, қымыз туралы өзінің еңбектерінде ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазып кеткені туралы айтты.

Сонымен қатар жүргізушілер биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі Дарья Усановамен күш сынасып көрді.

Танымал шоу жүргізушілері Астанадан шыға салысымен қазақтардың салт-дәстүрі, әдеттегі тыныс-тіршілігімен танысқандықтарын айтты.

«Қонақжайлылық мұнда дәстүр ретінде де халықтың ерекшелігі ретінде де қалыптасқан. Олар әрине бізді мол дастархан жайып, «Қара жорға» биімен қарсы алды. Бұл дәстүрді біз де қолдап, біршама бидің қызығына баттық», - делінген аңдатпада.

Сонымен қатар «Орел и Решка» бағдарламасы Бурабайда болып, елордадағы мұхитаралының кең ауқымдылығына тәнті болған.

«Фантастикалық фильмдерде көрсетілетін бөтен планетадағы болашақтың қаласын көргендеріңіз бар ма? Қазақстан астанасы тура сондай!»,-дейді бағдарлама авторлары.

Бұл хабарды қазақстандықтар эфирден 22 тамызда көре алады.