ЭКСПО-2017 • 22 Тамыз, 2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне Омбы облысындағы қандастарымыздың балалары келді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ отбасынан шыққан 22 оқушы Омбы облысынан Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

ЭКСПО-2017 көрмесіне Омбы облысындағы қандастарымыздың балалары келді

«Ресейдің Омбы облысындағы Русско-Полянский, Таврический, Шарбақкөл, Марьяновский, Москаленский аудандары мен Ом қаласы мектептеріндегі 4-10 жас аралығындағы оқушылардың сапарын Омбыдағы Қазақстанның Консулдығы мен РФ-дағы Омбы облысы бойынша ҚР-ның өкілетті сауда өкілі ұйымдастырды», - деді Жайнақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, оқушылар авиарейспен Астанаға 21 тамыз күні келді және 24 тамызға дейін оларға қала бойынша экскурсия мен ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау қарастырылған. Балалардың сапары демеушілік көмек есебінен ұйымдастырылды.