23-25 тамыз күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс және шығыстан соққан шаңды дауылдың екпіні 15-20 м/с-тан 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Ертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде де осындай шаңды дауыл соғып, шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
23 тамызда Қостанай облысында ауа температурасы жоғарылайды. Аймақтың кей жерлерінде 35 градусқа дейін ыстық болады.