Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Астанада Мәскеу күндері басталды

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

22-26 тамыз аралығында Астанада Мәскеу күндері өтеді. алдағы шаралардың бағдарламасы мазмұнды әрі түрлі мәдени-бұқаралық, іскерлік, спорттық-ойын-сауықтық шаралар қарастырылған.

Астанада Мәскеу күндері басталды

Мәселен, бүгін Мәскеу қаласының спорт және дене шынықтыру департаментінің бастамасы бойынша «Дәулет» спорт кешенінде бокстан Мәскеу және Астана жасөспірімдер құрама командалары арасында бірлескен жаттығу өткізілуде.

23 тамызда таяу және шығыс елдерінің мектептерінде сабақ беретін орыс тілі мамандары үшін семинар өтеді. Шара қасиетті Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталықта өтеді. Шараның ұйымдастырушылары – Мәскеу қ. сыртқыэкономикалық және халықаралық байланыстар департаменті және «Мәскеу халықаралық ынтымақтастық орталығы» МБК.

Сондай-ақ, 23 тамызда сағат 10.30-дан 10.50-ге дейін «Жерұйық» саябағында Кеңес Одағының қаһарманы, генерал И.В. Панфиловтың ескерткішіне және «28 панфиловшы» мемориалына гүл қою рәсімі өтеді.

Сол күні Мәскеу сауда-өнеркәсіптік палатасының бастамасымен Мәскеу және Астана қалаларының іскерлік ынтымақтастық форумы өтеді.

Елорданың тұрғындары мен қонақтары «Мәскеу және Қазақстан. 20 ғасырдағы фотолепись» фотокөрмесіне бара алады.

Сонымен қатар, сағат 19.00-де «Қазақстан» концерт залында Астанадағы Мәскеу күндері ресми түрде ашылады, соның аясында Түрік хорының гала-концерті өтеді.

24 тамызда ЭКСПО-2017 көрмесінде Мәскеудің іскерлік сессиясы өтеді.

Сағат 19.00-де «Астана» концерт залында Мәскеу мемлекеттік академиялық театрының гала-концерті өтеді.

25 тамызда бірқатар шаралар өтеді: Аса қасиетті Богородица Успенияның құрметіне Кафедралды шіркеуде тәңірге құлшылық ету, «Мәскеу-Астана» халықаралық мәдени-гуманитарлық форум, Ресейге, Мәскеуге, орыс тарихына, мәдениетіне арналған кітаптар жәрмеңкесі, Ресейдің халық әртісі, театр және кино әртісі Дмитрий Харатьянның шығармашылық кеші өтеді.

26 тамызда «Мәскеу» журналының бас редакторы Владислав Артемовтың шығармашылық кеші өтеді.