Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Елордада тастанды балалар азайды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары елордада балалар үйіне бала тапсыру азайды, деп мәлімдеді қалалық мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжебаева. Астана әкімдігі медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында.

Елордада тастанды балалар азайды

«2017 жылдың алғашқы алты айында біздің мекемедегі 44 бала отбасы мен туыстарына қайтты. Ең бастысы төрт жастан асқан соң бірде-бір баланы балалар үйіне ауыстырған жоқпыз», - дейді С.Кенжебаева.

Оның айтуынша, мамандандырылған балалар үйінде балалар тек төрт жасқа дейін бола алады. Ал ол жастан асқандары белгіленген тәртіпке сәйкес балалар үйіне ауыстырылып, кәмелеттік жасқа толғанға дейін сонда тәрбиеленеді. Соңғы жылдары балаларынан бас тартушы ата-аналардың азайғаны байқалады.

«Әрине, бұл оң үрдіс мемлекеттің ұстанып отырған салиқалы саясатының арқасында болып отыр. Өйткені қазір әйелдерге қолдау көрсететін кризистік орталықтар мен аналар үйлері бар. Бұл орталықтар тәжірибе жүзінде өз тиімділігін дәлелдеп отыр», - деді балалар үйінің директоры.

Соңғы жаңалықтар