Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Астанада апатты үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылуда

46 реткөрсетілді

Апатты-ескі үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба алғаш рет елордада ТМД елдері арасында өткізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы. Қазіргі уақытта Астана тәжірибесін Мәскеу билігі үлгі етіп алуда.

Естеріңізге салайық, 2013 жылы республикада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы қабылданды, кейін оның атауы өңірлерді дамыту бағдарламасына ауыстырылды, қазір оның атауы – «Нұрлы жер». Соған сәйкес елордада апатты үйлерді, атап айтқанда көппәтерлі тұрғын-үйлерді сүріп тастау бойынша бағдарлама іске асырыла бастады.

Қазіргі уақытта апатты және ескі үйлерді сүріп тастау пилоттық жобасын іске асырудың 1 кезеңі аяқталды, қыркүйекте бұл кезең бойынша соңғы үйлер пайдалануға беріледі.

Жобаның бірінші кезеңі аясында 228 апатты үй сүріліп тасталды, олардан 3,5 мың отбасы көшірілді. Бұл 1940-1980 жылдар аралығында салынған негізгі құрылыс құрылғылары және инженерлік жүйелер әбден тозған үйлер. Ол үйлер адам өміріне қауіп төндіреді деп танылып, әрі қарай онда тұруға рұқсат етілмеді.

2013 жылдан 2016 жылға дейін 117 үй сүріліп тасталды, 1,5 мың отбасы көшірілді. Қазіргі уақытта 77 үйден адамдарды көшіру басталды.

Биыл 1,8 мыңнан астам отбасы тұратын 111 үйді сүріп тастау жоспарлануда. Сүріп тастауға жататын үйлердің тізімі тұрғын-үй басқармасының сайтында көрсетілген. Пилоттық жобаны іске асыру үшін әкімдік жанында үйлердің құрылысы бойынша өкілетті компания – «Елорда даму» ЖШС құрылды. Жобаның бастапқы кезеңінде үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен несие қаражаты берілді. Пилоттық жобаның талаптарына сәйкес, компания пәтерлердің 30 пайызын апатты тұрғын-үйлердің тұрғындары үшін табыстайды, 70 пайызын сатады. Сатылымнан түскен қаражатқа компания құрылысқа қайта инвестиция салады.

Қала әкімімен саябақтар, алаңдар, спорттық алаңдар салу үшін босатылған жер учаскелерінің негізгі бөліктерін пайдалану шешімі қабылданды. 2018 жылдың қаңтарында пилоттық жобаның екінші кезеңін іске асыру басталады, соның аясында 600 шаршы метр аумақта 8500 пәтер пайдалануға беріледі.

Айта кеткен жөн, пилоттық жобаны қайта инвестициялауға бағытталған қаражат жыл соңында 48 млрд теңгені құрайды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында елордада үйқұрылысы комбинаты өз жұмысын бастайды.

Бұл комбинаттың өнімінен «GLB» ЖШС жалпы аумағы 170 мың шаршы метрлік көппәтерлі тұрғын кешендердің құрылысы басталды. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

Руханият • Бүгін, 12:09

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Руханият • Бүгін, 09:42

«Ролан Гаррос» басталды

Теннис • Бүгін, 09:37

Ғылымға бетбұрыс

Қоғам • Бүгін, 09:12

Капитан қызы – Маша

Руханият • Бүгін, 08:57

Интернет қатерлері

Қоғам • Бүгін, 08:53

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар