Бизнес • 23 Тамыз, 2017

Игілікке игерілген инвестициялар

334 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Өңірге инвестиция тартуды әкімдерге басты міндеттерінің бірі ретінде жүктеген Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жол­дау­­­ында Қазақстан шетел ин­вестицияларын тарту ісін­дегі көшбасшылығын сақ­тап қалуы қажеттігін атап көр­сет­ті. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысында шетел елші­лерімен, инвесторларымен байланыс пен кездесу екі есе­ге көбейіп, түрлі жобалар төңірегінде талқылаулар өт­кі­зілді. Қазақ-түрік, қазақ-өзбек халықаралық бизнес форумдары ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қытай, Түр­кия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінен нақ­ты инвесторлар табылып, облыстың экономикасына қар­жы құйылуда.

Игілікке игерілген инвестициялар

Мысалы, Түркия Респуб­ли­касымен жан-жақты бай­ла­ныс тереңдей түсіп, қа­зақ-түрік инвестициялық фо­ру­мы нәтижесінде 5 мемо­ран­думға қол қойылды. Екі ел арасындағы қарым-қа­тынастың арта түсуіне, өңір­ге инвесторлардың көп­теп ке­луіне ықпал ету мақ­са­ты­нда құрылған Қазақ-Түрік кә­­сіп­керлер ассоциациясын­да бүгінде 50-ден астам қа­зақ-түрік кәсіпкерлері тір­кел­­ген. Жалпы, қазіргі кезде түр­­киялық инвесторлардың қа­­тысуымен Оңтүстік Қазақ­стан облысында 13 жоба жү­зеге асырылып жатыр. Ин­вес­тиция құны 18,8 млрд тең­­гені құрайды. Бүгінге дей­­ін 4 жоба іске қосылып, өңір экономикасына 3,3 млрд тең­ге қаржы құйылды, 400 жа­ңа жұмыс орны ашылды. Не­гізі түрік кәсіпкерлері үшін Қа­зақ­станнан бірлескен биз­нес жо­балар бастаудың ти­імді тұс­­тары мол. Еліміз Еу­ра­зия­лық экономикалық одақ­тың мүшесі болғандықтан шы­ғарған өнімдерді Ресей мен Белоруссияға кедендік са­лық­тардан босатыла отырып, экс­порттауға мүмкіндік алады. Дәл осы мақсатпен алюминий өнімдерін көрші елдерге шы­ға­рып, пайда тапқан «Gold Aluminum» зауыты биыл 2,6 млрд теңге көлеміндегі ПВХ профил дайындайтын екін­ші жобасына кірісті. Қо­сым­ша тағы 60 жұмыс орнын қа­лыптастыратын цех жыл соңында іске қосылмақ. 

Елбасы бастамасымен Орда­басы ауданында 50 гектар аумақта құрылған қа­зақ-түрік индустриялық ай­м­а­ғының көлемін алдағы уа­қытта 250 гектарға дейін ұл­ғайту көзделуде. Қазіргі кезде мұнда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бой­ынша 1,8 млрд теңге бө­лініп, инфрақұрылымдық жүйе­лер орнату жұмыстары жүр­гізілуде. Жоспарға сәйк­ес аталған индустриялық ай­мақта 14,6 млрд теңгені құ­райтын 900 маманды жұ­мыспен қамтитын 8 жо­ба іске асуы қажет. Әзірге мұн­­да екі жобаға инвестиция салынып, құрылымдау жұ­мыс­тары жалғасып жатыр. Ал Түркістан қаласындағы ин­­­дустриялық аймақтан құны 7766 млн теңге болатын, жа­ңа 183 жұмыс орны ашылатын 3 жо­баны іске қосу жоспарланып отыр. 
Ал Шымкент мұнай өңдеу зау­ытында жаңғырту жоба­сы­ның бірінші кезегі аяқталды. Нә­ти­жесінде зауыттағы жа­нар­май сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті. Тарихи оқиғаға қа­тысты өткен салтанатты жиынға Қытай Халық Рес­пуб­ликасының CNPC ком­па­ниясының бас директоры Би­ан Дыжы мен Оңтүстік Қазақ­стан облысының әкімі Жан­сейіт Түймебаев қатысып, зауыт жұмысына сәттілік тіледі.

− Елбасымыз халыққа ар­на­ған Жолдауында елімізді өз мұнай өнімдерімен қам­та­масыз ету керектігін ба­са айт­қан болатын. Осы тап­сыр­маға сай Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұ­мыстары жүргізілді. Бұл жұ­мыс­тар индустриялық-инно­ва­­циялық даму мемлекеттік бағ­­дарламасы аясында жүзеге асы­­рылып отыр. Атал­ған бағ­дарлама аясында Қа­зақ­стан­ның үш ірі мұнай өңдеу зау­ытын жаңғырту және қай­та жөндеу жұмыстары жүр­гі­зі­луде, − деді Жансейіт Түй­мебаев.

Жаңғырту жұмыстарының бі­рінші кезегінде Шымкент мұ­най өңдеу зауытында ши­кізатты ыдыстарға саңы­лау­сыз құятын қондырғы іске қосылды. Мамандардың айтуынша, бұдан былай ауа лас­танбайды. Ең бастысы, зауыттағы жұмыстардың бәрі қау­іпсіз іске асырылатын бо­лады. Кәсіпорын мұндай мүм­кіндікке индустриялық-инно­ва­циялық даму бағдар­ламасы аясында қол жеткізіп отыр.

Екі кезеңнен тұратын Шымкент мұнай өңдеу зауы­тын жаңғырту жобасы ин­дус­трия­лық-инновациялық да­му бағдарламасы аясында 2011 жылы басталған болатын. Жобаның бас мердігері – қы­тайлық СРЕСС компания­сы. Жобаны іске асыруға 30-дан аса жер­гілікті мердігер ком­­паниялар тартылған. Бү­­гін­де зауыт ак­циясы «Қаз­Мұ­­найГаз-ӨМ» АҚ пен қы­тай­лық СNPC компа­ния­сына тиесілі. Сондай-ақ, зауытта жы­лына 4 мың тон­на күкірт шы­ғарылады. Құ­рылымдау жұ­мыстарының екін­ші ке­зегі то­лық аяқталса, зау­­ыт елі­міз­де­гі әлемдік та­лап­­тарға сай ірі кәсіпорынға ай­налатын бо­ла­ды.
Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының әкімі Жансейіт Түй­мебаев қытайлық CNPC ком­па­ниясының бас директоры Биан Дыжымен кездесуінде бі­раз мәселелер нақтыланды. Екі тарап Қазақстан мен Қы­тай арасындағы мұнай-газ секторын дамыту мен Шым­ке­нт мұнай өңдеу зауытын жа­ңа кезеңге шығару жайын сөз етті. Өңір басшысы зауыт­ты жаңғырту және қай­та жөн­деу жұмыстарының бі­рін­ші кезегінің нәтижелі аяқ­та­луымен құттықтап, алдағы уа­қытта қытайлық компания­ны әлеуметтік жобаларға атса­лы­суға шақырды.

Биылдың өзінде зауыт жоға­ры октанды бензин өнді­ру көлемін жылына 460 мың тон­наға, дизель отынын 226 мың тоннаға, авиаотынды 27 мың тоннаға арттырмақ. CNPC ком­паниясының басшы­сы жаң­­ғырту жобасының екінші кезегі анағұрлым күрделі еке­ніне әрі мұнай өнімдерінің кө­лемін 6 млн тоннаға дейін ұл­ғай­туға болатынына тоқталды.

«Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-эко­но­микалық, бизнес әріптестік қа­рым-қатынас жоғары дең­гей­ге көтеріліп отыр. Осының не­гізінде қытайлық компания­лар Қазақстанға жылына 40 млрд доллар көлемінде салық төлейді. Бұл үлкен жетістік. Ал­дағы уақытта Оңтүстік Қа­зақ­стан облысының әкім­ді­гімен тығыз қарым-қатынас ор­натып, бірқатар әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына атсалысамыз деген ойдамыз», деді Биан Дыжы.

Енді жоғары сапалы жа­нар­­май мәселесімен қоса Оң­түстікте экологиялық ахуал да жақсарады.

 Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»