ЭКСПО-2017 • 23 Тамыз, 2017

Сауд Арабиясы Корольдігі 30 жоба дайындауда

329 реткөрсетілді

Кеше «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық күні аталып өтті. Салтанатты шараға Абдалла ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд атындағы жаңартылатын және атомдық энергия ғылыми қалашығының Президенті Доктор Хашім Ямани және Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қатысты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сауд Арабиясы делегациясын ұлттық күнімен құттықтап, ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қолдау танытып, белсенді қатысқандары үшін Қазақстан Үкіметі атынан алғыс білдірді.   

«Сауд Арабиясы Корольдігінің павильонында ұсынылған технология­лар халықаралық көрменің жемісті болуына өзінің теңдессіз үлесін қосатынына сенімдімін. Географиялық орналасуы мен климаттық жағдайының арқасында Сауд Арабиясының күн, су және жел энергиясын дамытуға зор әлеуеті бар», – деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігінің арасындағы қарым-қатынастар достық пен өзара тиімділік негізінде дамитынына сенім білдірді. Корольдікпен жан-жақты және өзара мүдделі ынтымақтастықты кеңейту Қазақстан сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болып табылатынын тілге тиек етті. 

Абдалла ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд атындағы жаңартылатын және атомдық энергия ғылыми қалашығының Президенті Доктор Хашім Ямани әлем елдері болашақ үшін энергияны сақтау, жаңа технологияларды пайдалану және оларды тиімді қолдану әдістерін енгізу бойынша бірлесіп жұмыс атқару қажеттігін атап өтті. 

Сауд Арабиясы Корольдігі электр энергия өндірісін көтеру және мұнайды қолдану деңгейін төмендету мақсатында күн мен жел энергиясы салаларында 30 жобаны әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, 2040 жылға қарай мемлекет электр энергия өндірісі үшін отын қазбасының қолданысынан бас тартуды көздеп отыр.

Сауд Арабия павильоны елдің әлемдегі энергетикалық тепе-теңдігінің сапалы және қауіпсіз түрленуінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Павильонның басты тақырыбы «Тұрақты энергия Корольдігі, болашақтағы өзгеріс» деп аталады.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ұлттық павильоны мемлекеттің әлемдегі энергетикалық балансты сапалы және қауіпсіз түрлендіру бо­йынша мүмкіндіктерін көр­сетеді. Павильонның басты та­қы­рыбы «Тұрақты энергия Ко­рольдігі, болашақтағы өзгеріс». Он­­дағы экспозициялар көрмеге келу­шілерді мемлекеттің мәде­ниеті, салт-дәстүрі және тарихымен таныстырады. 

Сауд Арабиясы Корольдігінің павильоны келесі аймақтардан тұрады.

Мұра: адамдар мекен еткен, ең ежелгі өркениеттің бірі ретіндегі Сауд Арабиясының тарихын бейнелейді. Мұнда Корольдіктің исламдағы рөлі мен оның бай ресурстары да көрініс тапқан. Соңында жер бетіндегі ең маңызды ресурс – адам көрсетілген.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда киік мүсіні орнатылды

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Ұқсас жаңалықтар