Астанада «Назарбаев Университеті» мен «Агромашхолдинг» АҚ отандық машина жасау кәсіпорны арасында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қою салтанаты өтті. Екі жақ білім саласында, оның ішінде жоғары оқу орынының студенттеріне жұмысқа орналасуға және өндірістік тәжірибеден өтуге көмектесу арқылы өзара байланысты нығайтуға ниеттеніп отыр. Сондай–ақ, «Агромашхолдинг» АҚ өкілдері жоғары оқу орнына сыйлық – Қостанайдағы кәсіпорында шығарылған SsangYong Kyron жол таңдамайтын көлігінің кілтін тапсырды.
Біз осы отандық көлікті қазақстандық студенттік ұжымға «шынайы қуанышпен тапсырып жатырмыз! Біз осылайша жас мамандарды ынталандырып, келешекте елімізді өркендететін дарындарды өсіруге көмектесіп жатқанымызға сенімдіміз. Осы сыйлықпен Назарбаев Университетінің оқытушыларына да алғысымызды білдіреміз, біз қазіргі таңда жоғары дәрежелі отандық көліктерді жасап қана қоймай, сонымен қатар, жоғары дәрежелі отандық білім алуға да мүмкіндік бар болғанын мақтан тұтамыз!», – деп мәлімдеді Андрей Лаврентьев, «АгромашХолдинг» АҚ-пен бірге Қостанайда SsangYong оңтүстіккорейлік жол таңдамайтын көліктерді құрастыруды ұйымдастырған «AllurAuto» көлік компаниялар тобының бас директоры.
Ықпалдастық туралы шешімді жоғары оқу орны мен «AllurAuto» тобының басшылары ұлттық білім саласы мен ғылыми-зерттеу жетістіктерінің келешегін арттыру мақсатында қабылдаған.
Назарбаев Университеті Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Қадиша Дайрова мұндай бизнестің жауапкершілігін қоғам алдында көрсету экономиканың дұрыс және өркениетті дамуының белгісі болып табылады, деп айтты. Жоғары оқу орынының басшылығы AllurAuto үлгісінің отандық автоөнеркәсібінің болашағы жарқын болатынына сенімділік туғызатынын білдірді.
Назарбаев Университетінің студенттері өндірістік тәжірибені топтың кәсіпорындарында өтеді, мамандықтарын көтереді және жаңа білім алады деп күтілуде. Оқу аяқталғаннан кейін сәйкес машықтар мен білім деңгейін иеленген түлектер топтың кәсіпорындарында жауапты қызмет орнына үміттене алады. Назарбаев Университетіне сыйланған SsangYong Kyron көлігі студенттердің білім арқылы сәттілікке жету ықыластарын ынталандырады. AllurAuto басшылығының ойынша, мамандандырылған кадрлар Қазақстанның машина жасау өнеркәсібін дамытуға көмектеседі.
AllurAuto көлік компаниялары тобы және «АгромашХолдинг» АҚ бүгінгі таңда жол таңдамайтын 5 көлік үлгілерін шығарады: Rexton, Kyron, Actyon, New Actyon және пикап Actyon Sports. Оңтүстік Корея маркасының қазақстандық көліктерінің ұсақ торапты құрастыру (CKD) желісін шығару туралы лицензиялық келісімге Қазақстан және Корея республикалары президенттерінің ұйғарымы нәтижесінде тамыз айында қол қойылған. Ал одан ертерек, 4 шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Қостанайда «SsangYong» көліктерін құрастыру өндірісінің желісін іске қосты.
«Егемен-ақпарат».