Қазақстан • 24 Тамыз, 2017

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 6,6 млн адамға жетті

66 реткөрсетілді

Әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік әділеттілік жүйесі

Жаңалықтар ағымы

Өмірдің біз ойлағандай емес­­­­ті­гіне ұзақ уақыт пайым­дау­лар жасауға болады және ұлы ғұламалар осы тақырып аясында көптеген нақыл сөз­дерін қалдырған. Біз – маңыз­ды әрі еленбейтін, жоспар­ланған жә­не кез­дейсоқ, қуа­нышты және өкі­нішке орай, қайғылы оқи­ғалар ағымында өмір сүріп жатырмыз. Және басымызға іс түс­кенде бізге арқасүйер қол­дау қажет екені шындық. Атап айт­қанда, әлеу­меттік қор­ғау жү­йесі мемлекет тарапынан осын­­дай қол­дау­ды қамтамасыз ету­ге және ке­­піл­дік беруге ар­нал­­ған. Қа­зақ­станда ол үш дең­гейлі түр­де ұсы­нылады.

Біріншісі, базалық – жұмыс іс­тей­тіндігіне, зейнет­керлікке шы­­ға­тынына немесе әлі бала­бақ­­шаға барып жүр­геніне қа­ра­­­мас­тан, шектеусіз, елдегі барлық азаматтарды қамтиды. Әлеу­меттік қорғаудың бірін­ші деңгейіне, мысалы, белгі­лен­ген жасқа жеткен базалық зей­нетақылар, мүгедектігі бойынша немесе асыраушысы­нан айырылуына қатысты тө­ле­­нетін мемлекеттік жәр­дем­ақы­лар жатады. База­лық тө­лемдердің мөлшері алушының еңбекақысына байланысты бол­майды.
Екінші, қосымша деңгейде бас­қа ережелер қолданылады. Мұн­да төлемдердің мөлше­ріне мін­­детті зейнетақы жар­­на­лары мен әлеуметтік аудырымдар­дан тү­сетін табыс мөл­­шері ық­­пал ете­ді. Яғни, екін­­ші дең­­­гей жұ­­мыс жасайтын аза­мат­тар­ды қа­м­тиды. Ол ынты­мақ­ты және жи­нақ­­таушы зей­нет­ақы жү­йесі мен міндетті әлеу­меттік сақ­тан­дыру жүйесін бірік­ті­реді.

Үшінші деңгей – ерікті, ол аза­­маттың өз қалауына қарай қа­лыптастыратын кез келген тө­лемдерден тұрады. Мысалы, осы деңгейге ерікті жарналар есе­бінен зейнетақы төлемдері, жа­затайым оқиғалардан ерікті сақ­тандыру және әлеуметтік қор­ғаудың сол сияқты басқа да түр­лері кіреді.
Екінші деңгейде, Қазақ­станда 2005 жылдан бері мін­дет­­­ті әлеуметтік сақтанды­ру жү­­йе­сі жұмыс жасайды. 

Өткен жылдар мен жинақ­тал­­­ған тәжірибе нақты бір жағ­­­дай­­­ларда міндетті әлеумет­тік сақтандыру жүйесінің қатыс­у­шыларына Мемлекеттік әлеу­мет­тік сақтандыру қоры­нан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем­дер тө­леуді жүзеге асыра оты­­­­рып, міндетті әлеуметтік сақ­­тан­­ды­ру жүйесінің қа­жет­­ті­лі­гін растағандығын ай­ту­ға мүм­кіндік берді. Мыса­лы, эко­­­номикадағы дағда­рыс­­­­­ты жайт­­­­тарға байланысты кә­сіп­орын­­дардағы жұмыскер­лер са­­нының қысқар­уы немесе ком­­пания­лар­дың жабыл­уы, ал қызметкерлердің жұмыс­­сыз қалуы секілді жағдай­лар көп­шілігімізге таныс. Осын­дайда тұрақты табысынан айы­рылған жағдайда адам жал­ғыз өзі қалмай, оның жо­ғалтқан та­бысының бір бөлі­гін өтейтін МӘСҚ алын­ған әлеу­­меттік тө­лемдер азамат­тар­ға сенімді қол­дау – көмек қо­лы болып табылады.

Бұл жерде МӘСҚ төлене­тін әлеуметтік төлемдер мүге­дек­­ті­гіне немесе асырау­шы­сы­­­нан айырылуына бері­ле­тін жәр­демақылар  секілді бюд­жет­­­тен төленетін мемле­кет­­тік жәрдемақыларды толық­тыра­тынын атап өткен жөн.
Сонымен, МӘСҚ төленетін төлемдерге ресми жұмыс өті­ліне ие және ол үшін жұмыс бе­­­руші МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар аударған  азаматтар құқылы. Сондықтан тө­лем мөлшері де аударымдар тө­ленген табысқа, сондай-ақ, олар­дың төлену ұзақтығына ті­келей байланысты болады.
Сонымен бірге, өзін-өзі жұ­­­мыс­пен қамтығандар да әлеу­меттік сақтандырусыз қал­майды. Осы санатқа жататын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, же­ке нотариус­тар, же­ке сот орындаушыла­ры, кәсіби ме­диа­торлар өздері МӘСҚ-ға әлеу­меттік аударым­дар аудара оты­­рып, әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. 

МӘСҚ қолдауы Қазақ­стан­­да тұ­рақты тұратын және жұ­­мыс істейтін шетелдік аза­мат­­­тарға да қолданылады, өйт­­­­кені, олар­дың жұмыс бе­ру­ші­­лері олар үшін әлеу­мет­тік ау­дарымдар тө­лей­ді. Себебі, ше­т­елдік жұмыс­кер­лерде де қосымша қолдау­ды қа­жет ете­тін әлеуметтік қатер­лер туын­­да­уы мүмкін. 
Тек зейнеткерлік  жасқа жет­кен – ерлер 63 жаста және әйелдер 58 жаста бұл жүйеге қа­тыса алмайды. Олар үшін МӘСҚ-ға әлеу­меттік аударымдар аударылмайды.

Алты әлеуметтік тәуекел

МӘСҚ-дан әлеуметтік тө­лем­дер заңнамамен көзделген жағдай­ларда, міндетті әлеу­мет­тік сақтандыру жүйесінің қаты­сушыларына төленеді.
Біріншіден, бұл еңбек ету қа­бі­ле­тінен айырылу жағдай­лары және мұнда төлем меди­ци­на­лық-әлеуметтік сараптама жүр­­гі­­зу арқылы белгіленген  жал­пы ең­бек ету қабілетін жоғалту дең­гейіне байланыс-ты. Мұндай жағ­дайларда МӘСҚ-дан әлеу­меттік тө­лем алу­шы жұмыс істе­уін тоқ­тат­қандығына немесе табыс ал­уын жалғастыруына байланыссыз жүзеге асырылады.

Келесі,  бұл ауыр өмірлік жағдай – отбасының асыраушысыз қалуы. Бұл жағдайда асырауда болған отбасының бар­лық мүшелері МӘСҚ-дан ай са­йынғы әлеуметтік төлемдерді ала­ды. Мұндай құқық­қа сот ха­бар-ошарсыз кет­кен немесе қайтыс болған деп таныған асы­раушының отбасы мүшелері ие болады.
Сондай-ақ, жұмысынан айы­­рылған азаматтар да МӘСҚ-дан әлеу­меттік төлем­дер ала­ды. Алай­да, мынадай бас­­ты жағдай­ды ескеру қа­жет: жұмысынан айы­рылған жағ­дайда алдымен жұмыссыз ре­тінде тіркелуі тиіс. Тек осыдан кейін ғана жұмыс­керге жұмыс іздеген уақытта жо­­ғалт­қан табы­сының бөлігін өтей­­­тін әлеуметтік төлем таға­йын­далуы мүмкін.

Бұдан бөлек, жүкті әйелдер (декреттік демалыстағы), бұл ретте ауыр босанған жағдайда төлем артады; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған адамдар; бір жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-аналар (бала күтіміне байланысты демалыстағылар) МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем алушылар бо­лып табылады, бұл жағдайда төлем­дердің мөлшері жоғалтқан табыстың 40%-ын құрауы мүмкін.
Осылайша, жоғарыда атал­ған ал­ты әлеуметтік тә­уе­­кел бар. Егер төлемдер жү­йе­сін жан-­жақ­­ты қарасты­ратын бол­сақ, он­да алты жағ­дай­­дың әрқайсы­сының өз ерек­ше­лік­тері бар.

Мысалы, еңбек ету қабі­летінен айырылған жағ­дай­да әлеуметтік төлем ең­бек ету қабі­летінен айыры­лудың бар­­лық кезеңіне тағайын­да­лады. Оған қоса, сарапшылар бел­гілеген жалпы еңбек қа­білет­тілігінен айырылу дең­гейі де ма­ңызды мәнге ие.
Егер асыраушысынан айы­рылуы жағдайына берілетін әлеу­меттік төлем туралы айтар болсақ, онда ол қайтыс бол­­ған ата-ананың балалары­на кәмелет жасқа жеткенге дейін төленеді. Алайда, егер бала­лар күндізгі оқу ор­ны­­ның студенттері болып та­­был­са, онда олар МӘСҚ-дан әлеу­меттік төлемдерді 23 жас­қа жеткенге дейін алатын болады.

Жұмысынан айырыл­уы жағ­­дайына төленетін әлеу­­мет­тік тө­лемдердің де өз ерек­ше­лік­тері бар. Төлем­дердің бұл түрін алу мерзімі – бір ай­­дан бас­тап төрт айға дейін және ол жұмысшының міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйе­сіне қатысу өтіліне байланыс­ты болады. Өткен жылы тө­лемдер мерзімі штаттардың қыс­­­қартылуы, мекеменің та­ра­тылуы немесе өндіріс кө­­лем­­дерінің төмендеуі бо­йын­ша жұ­­мыстан босатылу жағдай­ларында алты ай­ға дейін ұлғай­тылды және бұл мерзімнің ұзар­­­тыл­уы міндетті әлеуметтік сақ­тан­ды­ру жүйесіне 36 жә­не одан да көп ай қатысу өті­­ліне ие жұмыскерлерге ғана қолданылды. Бірақ, әлеу­меттік төлемнің бұл түрі егер адам жұмыс­сыз ретінде есептен шы­ға­­рылса тоқтатылуы мүм­­кін.

Бүгінгі күні ана мен бала­ға қолдау көрсету жүйесі ар­­­­­қы­­­лы тууды жоғарылату жә­­не ба­лалы отбасылардың жағ­­­да­йын жақсарту үшін қо­лай­лы жағдайлар жасалынуда. МӘСҚ-дан берілетін бар­лық төлем­дердің 93%-дан астамы – бұл декреттік де­малысқа және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалысқа шығатын әйелдерге көрсетілетін көмек.
МӘСҚ-дан жүктілікке және бо­сануға байланыс­ты табысынан айырылуы жағ­дайына әлеу­меттік төлем бір рет төле­неді және ананың дек­реттік де­м­алысының бар­лық күндерін қам­тиды. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу жағ­дайында адам дек­реттік демалыс және бала кү­тімі бойынша демалысқа байланысты МӘСҚ-дан төленетін барлық тиісті төлемдерді алады.

Сондай-ақ, МӘСҚ-дан бе­рілетін қосымша қолдаудан өз­ге жұмыс істейтін және жұ­мыс істе­мейтін ата-аналар дү­ниеге бала келгенде бюджет қар­жы­сы есебінен баланың тууына бірреттік мемлекеттік жәр­дем­ақы да алады.
Сонымен қатар, МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді алу құ­қығын және олардың мөл­ше­рін реттейтін факторларға да жеке тоқтала кеткен жөн. Бі­рінші кезекте әлеуметтік тө­­лем­нің мөлшері ай сайын түсе­тін әлеуметтік ауда­рым­дар­дың сомасына және нақты адамның міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты болады. МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеудің маңызы зор. Сондықтан, әрбір қызметкер өзі үшін төленген әлеуметтік аударымдарды тұрақты ба­қылап отыруы және жұмыс бе­рушіден аударымдардың уақ­тылы және толық төленуін талап етуі қажет.

Сонымен бірге, МӘСҚ-дан тағайындалатын әлеуметтік төлемдерге сақтандыру жағ­дайы­на дейін ресми түрде жұ­­мыс істеген және олар үшін әлеуметтік аударымдар төлен­ген азаматтар ғана үміт­тене алатындығын ескерген жөн. 
Осыған байланысты елде азаматтарды жұмысқа тұрғызу үшін мемлекеттік қолдау көр­се­ту­дің ауқымды спектрі қам­­­та­­масыз етілетіндігін атап өткен жөн. Нәтижелі жұ­­­­мыс­­­­пен қамту және жаппай кә­сіп­керлікті дамыту бағ­дар­ла­масы аясында ең алды­мен, еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарға, кәсіп­керлік пен компьютерлік сауаттылық не­гіздеріне оқы­­ту жүргізілуде. Жастар тәжі­рибесі, әлеуметтік жұ­мыс орын­дары, қоғамдық жұ­мыс­­тар ұйымдастырылуда, кәсіпкерлікпен шұғылдануды қалайтындар үшін шағын не­сиелендіру мүмкіндіктері де ұсынылуда.

Әлеуметтік қолдаудың экономикалық негізі

МӘСҚ резервтерінің қалай қалыптасатынын айтқанда, әлеуметтік аударымдар жұ­мыс­­­кер­дің еңбекақысынан ұста­лынбайтындығын, олар­дың жұ­мыс берушінің қар­жысы есе­­бінен төленетіндігін атап өту қажет. Яғни, жұмыс­кер өзі­­нің жеке қаражаттарын жұм­­­самайды. Жүйе жұмыс беру­ші өз қызметкерлерін әлеу­мет­тік тәуекелдерден өзі сақ­тан­дыруға міндетті болатындай етіп құрылған.

Бүгінгі таңда әлеумет­тік ауда­­рым­дардың мөлшер­лемесі та­быс­тың 5%-ын құ­райды. Егер цифр­лар көме­гіне жүгінер бол­сақ, онда үстіміздегі жыл­дың 1 шіл­десіндегі деректер бойынша әлеуметтік аударымдар 6,6 млн адамға төлен­ген. Салыс­тыру үшін, 2005 жылы мін­детті әлеуметтік сақтан­дыру жүйесі өзінің алғаш қыз­метін бастаған уақытта әлеуметтік аударымдар тек 4,1 млн адам­ға төленген.

Әлеуметтік аударымдар қа­таң түрде мақсатты та­­ға­йын­далуы бойынша – ең­бек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүк­тілігі және босануы бойынша немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алумен байланысты, сондай-ақ, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жағдайларға әлеуметтік төлемдер төлеуге жұмсалады.

Қазақстанда міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесі ен­гі­зілген сәттен бастап (2005 жыл­­дан) 3,5 млн-нан астам адамға МӘСҚ-дан жалпы сомасы 825 млрд теңгеден астам әлеуметтік төлемдер төленген. 
Нарық жағдайында жұмыс жасайтын қаржы институты ре­тінде МӘСҚ бір орында тұр­­­ған жоқ, ол одан әрі да­му­­­да және Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Үкіметі ай­қын­­­дайтын әртүрлі қаржы құ­ралдарының көмегімен Ұлттық банктің құн­ды қа­ғаз­­дарына оларды орна­лас­тыру арқылы әлеуметтік ауда­рымдардың сақталуын қам­­тамасыз етеді. 2017 жылдың 1 шілдесіне МӘСҚ активтері ең төменгі несие тәуекелімен мем­­лекеттік құнды қағаздарға ин­вес­тицияланған, оның ішін­де 62%-ын  Қаржы ми­нистр­лігінің қазынашылық обли­гация­лары, 27%-ын Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Ұлт­тық банктің қыс­қа мер­зімді но­талары, 10%-ын Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық бан­к-­тің депозиттері мен кері РЕПО опе­рациялары құрайды. 

Әлеуметтік төлемдердің са­­­тып алу қабілеттіліктерін қол­­­дау мақсатында макроэко­но­ми­калық шамалардың өз­ге­­рістерін, оның ішінде құнсыздануларды ескере отырып, МӘСҚ активтерінің есебінен әр жыл сайын еңбек ету қа­білетінен айырылу және асыраушысынан айырылуы бойынша төлемдердің мөлшері өсіп отыратынын атап өту қажет. Үстіміздегі жылдың 1 қаң­тарынан бастап МӘСҚ-дан тө­ле­нетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7%-ға арттырылды.  

Қайда жүгіну қажет?

Бұл МӘСҚ-дан қолдау алуды көздейтін азаматтар­дан барынша жиі қойылатын сұ­рақтардың бірі. Әлеуметтік тө­­­лем­дерді алу үшін тұрғы­лық­­ты мекенжайы бойынша «Аза­маттарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпо­рациясының бөлімшесіне өті­нішпен жүгіну қажет. Оған қоса халыққа қыз­­мет көр­сету ыңғайлы бо­лу үшін бір уақытта бірден екі өті­­нішті беру мүмкіндігі қарас­ты­рылған: бюджет қаржы­сы есе­бінен мемлекеттік жәр­дем­ақыны тағайындауға және ең­­бек ету қабілетінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы секілді төлемдер бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындауға. Ал бала тууына байланысты бюджеттен бірреттік жәрдемақыны алуға құжаттарды бере отырып, бірден 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді алу­ға құжаттар тапсыруға болады.

Жүктілігіне және босануы­на әлеуметтік төлемді таға­йын­дау үшін жүктілік және бо­са­­нуы бойынша уақытша ең­­бекке жарамсыздық парағын ал­ғаннан кейін мемлекеттік кор­порацияның бөлімшесіне өтініш беруге болады.

Қызметтерді көрсету жүйе­сін жетілдіру және барлық қа­жет­­ті құжаттарды жылдам әрі дұ­рыс ресімдеу үшін қо­лай­лы жағдай жасау мақса­тын­да тұрақты әрі жоспарлы жұ­мыстар жүргізілуде. Мы­салы, еңбек ету қабілетінен айы­­рылуы деңгейін анықтау үшін ме­дициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгінгенде, мүге­дектігі бойынша мем­ле­кет­­тік жәрдемақының, мем­ле­­­кеттік бюджет қаражаты есе­­бінен арнаулы мемлекеттік жәр­демақының және МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдердің та­ғайындалуына адам бір­уақыт­та бірнеше өтініштерді жаза алады. Осылайша, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің бір­не­ше кеңселеріне барудың қа­жеттігі болмай қалады.

Жұмысынан айырылған адам Ха­лықты жұмыспен қам­­ту ор­та­­лығының бөліміне жұ­мыс­­сыз ретінде тіркелу үшін жү­гінген кезде сол жерде ақша қаражаттарын аудару үшін банктік есепшот нөмірі туралы мәліметтерді міндетті түр­де қосымша бере отырып, МӘСҚ-дан жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемнің тағайындалуына да өтініш жаза алады.

Ақпараттық технология­лар­­дың да­муымен мемлекет жыл өткен сайын мем­ле­­кет­­­­тік қыз­меттерді алуға, оның ішінде міндетті әлеу­мет­­тік сақтандыру саласына жү­гі­­ну тәртібін жетілдіруде. Сон­дық­тан қызметтердің көп­те­­ген түрлерін «Электронды үкі­мет» порталы арқылы алу­­ға болады. Сондай-ақ, мем­­лекеттік органдар мен ме­ке­мелердің ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік төлемді та­ғайындау үшін қажетті құ­жат­тарды сұрау мүмкіндігі де қарастырылған. Егер жұ­мыс­сыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер болса, онда элек­тронды-сандық қол­таңба бол­ған жағдайда, «Элек­тронды үкі­мет» веб-пор­талы арқылы МӘСҚ-дан жұмысынан айыры­луы жағ­дайына әлеуметтік тө­лемді та­ғайындауға өтініш беруге бо­лады. Сондай-ақ, веб-­пор­тал арқылы міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесіне қатысушылар 1 жасқа тол­ғанға дейінгі бала күтіміне бай­ланысты табыс көзінен айы­рылуы жағдайына әлеуметтік төлемдерді ресімдей алады.

Барлық қызметтерді үйден  шықпастан ресімдеуге болатын, азаматтарға қашықтықтан қыз­мет көрсетудің осындай әдістерін енгізу МӘСҚ қыз­метін жетілдірудің басты ар­тық­шылықтарының бірі болып отыр.

Бүгінгі таңда міндетті әлеу­­­­­­­­­мет­тік сақтандыру жү­йе­­сі Қазақ­­­станның зама­науи әлеу­­­­­мет­­­тік-эконо­ми­ка­лық қа­­­­­­ты­­­­­­­нас­та­рының ма­ңыз­ды әрі қажетті элементіне ай­­нал­ды. Оның өз­ге сақ­тан­дыру түрлерінен бас­­ты айыр­­­­ма­­шылығы ма­те­­­­риал­дық қамтамасыз етіл­меу­­ден қор­ғау ретінде ұсы­нылуы жә­не әлеуметтік әділет­тілік принципі бойынша құ­рыл­ған. Себебі, әлеуметтік сақ­тандырумен күнелтудің не­гізгі көзі еңбекақысы немеөсе кәсіп­керлік қызметтен түсе­тін табысы болып табылатын, жеке ең­бегі есебінен өмір сүретін адам­дар ғана қамтылған. МӘСҚ жұмыс іс­тейтін  халыққа қол­дау көрсетуге арналған және әлеуметтік аударымдар – бұл бо­луы мүмкін әлеуметтік тәуе­келдерден сақтандырудың ке­пілі болып табылады.

Сәуле ДҮЙСЕНОВА,
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» 
АҚ президенті

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

Қазақстан • Бүгін, 16:11

Рамазан айы 6 мамырда басталады

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Трансплантолог

Медицина • Бүгін, 09:54

Ұқсас жаңалықтар