Аймақтар • 24 Тамыз, 2017

Қызылордада құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен қатысты.

Қызылордада  құқық  қорғау  қызметтері  орталығы ашылды

-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында әрбір қазақстандықтың санасын, қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Бұл - прагматизм, сананың ашықтығы, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік. Бүгінгі ашылып отырған орталықтың да басты міндеті - атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа орталықтың ашылу салтанатында.

Орталық  «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы орындармен және қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Мұнда жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер прокуратура, ішкі істер, әділет органдары, әкімдік қызметкерлерінен, адвокаттардан, медиаторлардан қажетті кеңестер ала алады.

Соңғы жаңалықтар