Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

ЕАЭО-ның бірыңғай цифрлы кеңістігі белсенді талқылаудан өтіп жатыр

201 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада «Еуразия апталығы» халықаралық форумы басталды. Форумның ашылу салтанатына арналған пленарлық отырыстың тақырыбы биыл «Өзгермелі әлемдегі бәсекеге қабілеттілік: жаңа үлгі, технолгия, басқару формалары» тақырыбында өрбіді. Осыған орай Қазақстан Үкіметінің басшысы Б.Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлы кеңістігі туралы баяндады.

ЕАЭО-ның бірыңғай цифрлы кеңістігі белсенді талқылаудан өтіп жатыр

«Халықаралық сарапшылардың бағалауына қарағанда, экономиканы цифрландыру әлемдік экономиканың көрінісін түбегейлі өзгертеді және 2025 жылға қарай ІЖӨ-нің үштен бір бөлігін құрауы мүмкін. Қазіргі кезде ЕАЭО-ның бірыңғай цифрлы кеңістігі белсенді талқылаудан өтіп жатыр. Бұл өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің, адамдардың, капиталдың еркін қозғалысын қолдайтын ең негізгі элементтердің бірі болуы тиіс. ЕАЭО-ның цифрлы күн тәртібі біздің атқарған жетістіктеріміз бен әлемнің тың тәжірибесіне кіретін жиынтық базаға айналуды көздейді», деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысының баяндауынша, ЕАЭО-ның үшінші елдермен өзара сауда-саттықты арттырудағы тәжірибесі жалпы экономикалық байланысты кеңейтуде қолайлы жағдай жасап отыр. Қазіргі кезде еркін сауда-саттық туралы келіссөздер Израильмен, Сербиямен және Иранмен жүріп жатыр. Сонымен қатар, Премьер-Министр экономикалық көрсеткіштердің негізгі бағыттарының бірі түрлі кедергілерді жоюға негізделгендігін атап өтті. Осындай бастамалар өңдеуші өнеркәсіптің дамуына қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, Премьер-Министр Қазақстан Үкіметі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар жасап жатқанын еске салды.

«Оның мақсаты экономиканың базалық секторларында әлеуетті әртараптандыру мен жүзеге асыруға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға, жаңа технологиялық құрылыс құруға бағытталған. Қазақстанда цифрландыруды дамыту үшін ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда, бұл өз кезегінде жүйелік дамуға, экономиканың салаларында түрленуге, электронды мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және креативті қоғамды құруға тың серпін береді», деді Б.Сағынтаев.

 

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар