Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

Соңғы 15 жылда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға төмендеді

1070 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Ресми дерекке сүйенсек, соңғы 15 жылда елдегі жұмыссыздық деңгейі 13 пайыздан 4,9 пайызға төмендеген. Ол әрине, жұмыссыздықпен күреске мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, мәселені шешуге дендеп кіріскеннің нәтижесі. Бұл бағытта қазірдің өзінде 2017-2021 жылға арналған нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оған биыл 85,3 млрд теңге қаржы қарастырылған. Бұл қаражат сомасы адамдардың оқу шығынын жабуға, несиелеуге және де көші-қонға септесуге жұмсалмақ.

Соңғы 15 жылда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға төмендеді

Осыған дейін әлемді әлекке салған қаржылық дағдарыстың салдары жұмыссыздыққа кеп жұғысқан болатын. Талай елде береке кетіп, басына қиын күн туды. Себебі, әлемде орын алып жатқан лаңкестердің көпшілігі, бей-берекет бүліктің, тіпті қантөгістің құрбандарының көбі осы жұмыссыз жүргендер еді. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, 2007 жылы қар-жылық дағдарыс басталғаннан бері әлемде жұмыссыздық деңгейі 28 млн адамға көбейіп, тіпті 2009 жылы 199 млн адам жұмыстан босатылған. Одан кейін жұмыссыздық шамалы азайғанымен, 2012 жылдан бастап қайтадан арта бастады. 2012 жылы олардың қатары 197 млн адамға жеткен. Осындай мәліметтермен дабыл қаққан Халықаралық еңбек ұйымы әлем елдерінің үкіметтерін жұмыс орнын ашу мәселесін «ең басты мақсат» деп қарастыруға шақырған болатын. Жаһандағы жағымсыз жаңалықтың жаңғырығы бізге де жұмыссыздық жайына бейжай қарауға болмайтындығын еске салды.

Қазіргі кезде Қазақстанда, рес­ми статистикаға сүйенсек, эконо­ми­ка­лық белсенді халық саны 8,8 млн адамды құрайды. Оның ішінде жұ­мыс­пен қамтылған 8,4 млн адамның 2,1 мил­лионы өзін-өзі жұмыспен қамты­ған­­дар және 296 мыңы өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандар саналады екен. Тар­қата түссек, өзін-өзі жұмыспен қам­тығандарға же­ке кәсіпкерлер кіріп, өнім­сіз жұмыспен қамтылғандарға тұ­­рақ­ты табысы жоқтар жатады. Жаңа жұ­мыспен қамту бағдар­ла­масының алғаш­қы кезекте көз­дегені де осы, соңғы санат.

Биылдан бастап нақты іске қо­сыл­ған нәтижелі жұмыспен қам­тудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағ­дар­ламасында негізінен төрт бағыт қамтылған. Біріншісі – кәсіптік-техникалық біліммен және қысқа мерзімдегі кәсіптік оқумен қам­тамасыз ету. Бұл жерде ешқандай ма­ман­­дық меңгермеген, білімі орта мектеп деңгейімен шектелген адамдарға айрықша назар аударылмақ. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен Ұлттық бірың­ғай тес­тілеуден өтпеген және оқу орын­дарына түспеген мектеп тү­лектері үшін тегін кәсіптік және техникалық білімді қамта­ма­сыз ету қолға алынбақ. Қажетті ережелер қабылданып, ҰБТ-дан өтпеген оқушылардың тізім­дері анықталған. 320-ға жуық білім беру ұйымдары мен колледждердің және оқу орта­лық­тарының тізбесі бекі­тілген. 21 мыңға жуық жас толқын өкі­лі бағдарлама есебінен 2,5 жыл­ға, оқуын және шәкіртақысын тө­лей отырып, сондай-ақ, жол шы­ғынын өтеу, біржолғы ыстық та­мақпен қамтамасыз ету арқылы кәсіптік-техникалық оқуға жолданады. Оқуын аяқтаған және жұмысшы мамандығын иеленген жас азаматтарға оқып жатқан кез­дің өзінде тұрақты жұмыс табу мүм­­кіндігі бар. Себебі, елімізде енгі­­зілудегі дуалды оқу жүйесін ұтым­ды қолдана алған және өзін үздік қырынан танытқан студенттер үшін тәжірибеде шыңдалған жерінде жұмыста қалып қоюы ғажап емес.

Тағы бір маңызды жаңалық, ағым­да­ғы жылдың 1 сәуірінен еңбек нарығында сұра­нысқа ие кә­сіп­тер мен дағдылар тұр­ғы­сын­да жұ­мысшы кадрларды кәсіби оқы­ту басталды. Ондай қысқа мер­зімді курстарға қазірге дейін 27,7 мың адам жіберілген. Бұл тұста да өзіне қа­жет кадр­ларды даяр­лауға бейім кәсіп­орындар ор­тақ іске тікелей атсалы­сады.

Осыған дейін әлемді әлекке салған қаржылық дағдарыстың салдары жұмыссыздыққа кеп жұғысқан болатын. Талай елде береке кетіп, басына қиын күн туды. Себебі әлемде орын алып жатқан лаңкестердің көпшілігі, бей-берекет бүліктің, тіпті қантөгістің құрбандарының көбі осы жұмыссыз жүргендер еді. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, 2007 жылы қар-жылық дағдарыс басталғаннан бері әлемде жұмыссыздық деңгейі 28 млн адамға көбейіп, тіпті 2009 жылы 199 млн адам жұмыстан босатылған. Одан кейін жұмыссыздық шамалы азайғанымен, 2012 жылдан бастап қайтадан арта бастады. 2012 жылы олардың қатары 197 млн адамға жеткен. Осындай мәліметтермен дабыл қаққан Халықаралық еңбек ұйымы әлем елдерінің үкіметтерін жұмыс орнын ашу мәселесін «ең басты мақсат» деп қарастыруға шақырған болатын. Жаһандағы жағымсыз жаңалықтың жаңғырығы бізге де жұмыссыздық жайына бейжай қарауға болмайтындығын еске салды.

Қазіргі кезде Қазақстанда, ресми статистикаға сүйенсек, экономи­ка­лық белсенді халық саны 8,8 млн адамды құрайды. Оның ішінде жұ­мыс­пен қамтылған 8,4 млн адамның 2,1 мил­лионы өзін өзі жұмыспен қамты­ған­­дар және 296 мыңы өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандар саналады екен. Тар­қата түссек, өзін өзі жұмыспен қам­тығандарға жеке кәсіпкерлер кіріп, өнім­сіз жұмыспен қамтылғандарға тұ­рақты табысы жоқтар жатады. Жаңа жұ­мыспен қамту бағдарламасының алғаш­қы кезекте көздегені де осы, соңғы санат.

Биылдан бастап нақты іске қосылған нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасында негізінен төрт бағыт қамтылған. Біріншісі – кәсіптік-техникалық біліммен және қысқа мерзімдегі кәсіптік оқумен қам­тамасыз ету. Бұл жерде ешқандай ма­ман­­дық меңгермеген, білімі орта мектеп деңгейімен шектелген адамдарға айрықша назар аударылмақ. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен Ұлттық бірың­ғай тестілеуден өтпеген және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері үшін тегін кәсіптік және техникалық білімді қамтамасыз ету қолға алынбақ. Қажетті ережелер қабылданып, ҰБТ-дан өтпеген оқушылардың тізімдері анықталған. 320-ға жуық білім беру ұйымдары мен колледждердің және оқу орталықтарының тізбесі бекітілген. 21 мыңға жуық жас толқын өкілі бағдарлама есебінен 2,5 жылға, оқуын және шәкіртақысын төлей отырып, сондай-ақ, жол шығынын өтеу, біржолғы ыстық тамақпен қамтамасыз ету арқылы кәсіптік-техникалық оқуға жолданады. Оқуын аяқтаған және жұмысшы мамандығын иеленген жас азаматтарға оқып жатқан кездің өзінде тұрақты жұмыс табу мүмкіндігі бар. Себебі, елімізде енгізілудегі дуалды оқу жүйесін ұтымды қолдана алған және өзін үздік қырынан танытқан студенттер үшін тәжірибеде шыңдалған жерінде жұмыста қалып қоюы ғажап емес.

Тағы бір маңызды жаңалық, ағым­да­ғы жылдың 1 сәуірінен еңбек нарығында сұра­нысқа ие кәсіптер мен дағдылар тұр­ғысында жұмысшы кадрларды кәсіби оқыту басталды. Ондай қысқа мерзімді курстарға қазірге дейін 27,7 мың адам жіберілген. Бұл тұста да өзіне қа­жет кадр­ларды даярлауға бейім кәсіп­орындар ортақ іске тікелей атсалы­сады.

Екінші бағыт – бизнеспен айна­лыс­қысы келетін, дегенмен, бастап­қы қаржыны қайдан алатынын білмейтіндер үшін ашылған мүмкіндік. Бұл бағытта жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсаты алға шығып отыр. Біріншіден, кәсібін енді бастағандарға бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға, бизнес-жобаларын қолдауға арналған «Бастау-бизнес» жобасы іске қосылған. Екіншіден, оқудан өткеннен кейін ауылдық жермен қатар, қалада да шағын несие алуға болады.

Екінші бағыт – бизнеспен айна­лыс­қысы келетін, дегенмен бастап­қы қаржыны қайдан алатынын біл­мей­тіндер үшін ашылған мүмкіндік. Бұл ба­ғытта жаппай кәсіпкерлікті дамы­ту мақ­саты алға шығып отыр. Бі­ріншіден, кәсібін енді бастағандарға бағ­дар­ламаға қа­тысушыларды кәсіп­керлік дағдыларға оқытуға, бизнес-жобаларын қолдауға арналған «Бастау бизнес» жобасы іске қосылған. Екіншіден, оқудан өткеннен кейін ауылдық жермен қатар, қалада да шағын несие алуға болады.

Шарттары қолжетімді несиенің жо­­ғары сомасы 18 млн теңгеге дейін, мер­­зімі 5 жылға дейін, ал мал ша­руа­шы­лығымен немесе ауыл­шаруашылық ко­оперативін құру­мен айналысқан жағ­дайда 7 жылға дейін айқындалған жә­не де түпкі қарыз алушыға жылдық не­сие мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын­дай белгіленген. Кепілдендіру тетігі де ен­гізілген: жаңа бастаған кәсіпкерлерге 85 пайыз және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50 пайыз маңайында. Бү­гінде кәсіпкерлік негіздеріне оқы­ту­мен 7 834 адам қамтылып, жыл басынан 3 мыңнан астам шағын несие берілген.

Үшінші бағыт – назардағы бос жұмыс орын­дарына орналастыру арқылы еңбек нарығын дамыту. Аталмыш бағыт аясында жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған жандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуде 213 мыңнан астам адам тартылып, әлеуметтік жұмыс орын­дарына 18 мың адам, қоғамдық жұ­мыстарға 61 мыңға жуық адам жі­берілсе, 15 мың жас маман жастар тә­жі­­рибесіне жолданған. 120 мыңдай аза­мат болса, жұмыс берушілердегі бос орындарға жұмыспен қамту орта­лық­та­ры арқылы тұрғызылған.

Төртінші бағытта бүгінге дейін ел­імізд­е таңсық болған, алайда Еуропа мен АҚШ аумағында табыстылығын дә­лелдеген еңбек ресурстарының ұт­қыр­лығына басымдық берілген. Яғни, жұ­мыс бар өңірге қоныс аудару мә­се­лесі қолға алынып отыр. Мысалға, Аме­рика үшін адамдардың жұмыс іздеп бір штаттан екіншісіне көшуі қалыпты жағдай. Осы орайда ол елде көшкен адамның баспанамен қамтылып, көлік шығындарының жабылуы мін­дет­ті емес. Көбінесе жаңа қонысқа ор­на­лас­қан жандар тұрғын үйден балалары оқитын мектепке дейінгі тұрмыс мә­селелерін өздері шешіп жатады екен. Алайда, Қазақстанда азаматтар өзгеше жайтқа бой үйреткенше мемлекет демеп жіберуді жөн санаған. Біріншіден, халқы тығыз орналасқан өңірлер анықталып (елдің оңтүстігі), кадр тапшылығы байқалған облыстар (солтүстік-орталық аймақтар) ахуалы таразыланды. Екіншіден, көші-қон ке­зін­де қаржылай көмек қарастырылып, адамдардың бастапқы бейімделуі мен жол пұлы, жүк тасымалы сынды шығындар жабылады. Үшіншіден, осы мақсатта өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіледі. Биыл көшті қабылдайтын өңірлердегі жұмыс берушілердің атсалысуымен Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы об­лыстарында өңіраралық бос жұмыс орын­дары жәрмеңкелері шымылдығын тү­­ріп үлгерді. Төртіншіден, көшу жай­лы шешімді жұмыс іздеуші жан өзі дер­бес қабылдайды, мәжбүрлеп, мінд­ет­­теу жоқ. Қазірдің өзінде 442 отбасы тұр­ғылықты жерін ауыстырып, еңбек­пен қамтылған.

Жұмыспен қамту бағдарламасының осындай мүмкіндіктері елдегі жұ­мыс­сыздық деңгейін одан әрі төмен­де­те түсеріне сенім зор. Әрине, қа­зір­дің өзінде көптеген елдермен са­лыс­тыр­ған­да елдің көрсеткіші жаман емес. Мә­селен, Еуропа одағында жұ­мыс­сыз­­дық деңгейі 8,2 пайыз, Украинада 9,7 пай­ыз, Қырғызстанда 8 пайыз, Бра­зи­лия­да 12 пайыз, Ресейде 5,6 пайызды құ­райды екен. Ал Қазақстанда, алдында атап өткеніміздей, бұл көрсеткіш 4,9 пайыз деңгейінде.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар