Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

«Жездем қайда?»

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан қайтып келе жатыр едік. Көлікпен. Үлкен жолдың бәрі полицияға толып кетіпті.

«Жездем қайда?»

Әупірімдеп бірінен кейін бірін өтіп келеміз. Сөйтіп, Қордайды да артқа тастадық. Шуға жетпей радарға түсіппіз. Бұл жарықтықтар қазір әбден қу болып алған екен ғой. Радары ауылдың ішінде тұрады. Өзі құйтақандай ғана нәрсе екен. Көзге де көрінбейді. Ал өздері ауылдың сыртында компьютермен әлгіні бақылап отырады. Содан тоқтадық. Түстім де, маңдайына қолын тақап жатқан полицияға бас жоқ, көз жоқ:

– Менің жездем қайда? – дедім.

– Қандай жезде?

– Е-е, осы жерде танауы таңқиып, аузы аңқиып, қарыны қабақтай, беті табақтай болып тұратын еді ғой.

– Ғабит пе?

– Иә.

– Ол жоқ.

– Жоғы несі? Қайда кетті?

– Демалып жатыр. Жұмыста түнде болған.

– Мен не істейін енді? Сол тұр екен деп құйғытып келе жатырмын ғой.

– Ойбай, жүре беріңіз...

Шындығында, ешқандай жездем жоқ еді. Ана теңеу Қазақстандағы жол полиция­сының жартысына жарайтын, мінезін ашатын теңеу ғой. Ал әлгі кісі соған имандай сеніп қалды.

Сөйтіп, өтірік жезденің арқа­сында тайып тұрдық...

Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15