Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

Астанада екінші Startup Weekend өтеді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-27 тамыз аралығында елордада Startup Weekend екінші марафоны өтеді. Шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана Innovations» АҚ ұйымдастыруда. Astana Innovations стартап-марафоны тұрғындарды белсенді тарту, ғылыми-бизнес және стартап-қауымдастықтарды тарту арқылы қалалық технологиялық мәселелерді шешуге бағытталған.

Астанада екінші Startup Weekend өтеді

Шара тақырыбы: коммуналдық шаруашылық пен ресурстарды үнемдеудің өзекті мәселелері саласында инновациялық шешімдерді өндіру.

Ең үздік жобалар марапатталады, өз кезегінде ресми жеткізуші ретінде идеяларын іске асыруға мүмкіндік алады. Бастапқы жүлде қоры – 500 мың теңге. 250 мың теңге -1 орын, 150 мың теңге -2 орын, 100 мың теңге-3 орын.

Шараның қысқа жоспары: қатысушылар осы жұмада өздерінің бизнес-идеяларын ұсынады және демалыс күндері түптұлғасын/минималды өмірге бейім өнімді құрап, оны қазылар алқасының назарына ұсынады.

27 тамыз сағат 15.30-да қатысушылар әзірленген өнімді көрсетумен соңғы әрі нақты стартаптарымен таныстыратын болады.

Startup Weekend 2017 жылдың 25-27 тамыз аралығында Астана қ. Жеңіс 62 даңғылы, С. Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның ғимаратында өтеді.

Толығырақ мәлімет келесі сайтта: http://astanaic.kz/

Соңғы жаңалықтар