Технология • 25 Тамыз, 2017

Тим Куктың қалтасында iPhone 8 көрініп қалды

23 реткөрсетілді

Тим Кук Twitter-де Apple зауыттарының біріне сапарынан суретін жарияланған болатын. 

Әлеуметтік желінің қолданушылары корпорация басшысының қалтасында iPhone 8 тұр деп болжауда. Бұл туралы The Verge сайты хабарлайды. Сурет арқылы жаңа құрылғының ерекшелігі білінбейді. Смартфонның тіктөртбұрышты формасы мен көлемі ғана байқалады.

2017 жылдың 17 маусымында «Макдоналдстың» аустралиялық бөлімі өзінің қосымшасының жарнамасын жаңа iPhone-ның суретімен таратып жібергені хабарланған болатын. Инсайдер Вениамин Гескиннің айтуы бойынша, «Макдоналдс» бұл суреттерді сыбыстарға сүйеніп жасаған.

Ал 15 маусымда ғаламторда Foxconn зауытынан iPhone 8 құрастырылып жатқан видео жарияланды.

Видео жасырын түсірілген, сол себепті сапасы төмен. Бірақ смартфонның артқы панелі инсайдерлер бұрын жариялаған суреттеріне өте ұқсас келеді.

iPhone 8 смартфонын 2017 жылы күзде Apple компаниясының көрсетілімінде таныстырады. Болжамдар бойынша құрылғы саусақ ізі сканерінің орнына қолданушының бетін сканерлейтін функция пайда болады. Сонымен қатар, The Verge хабарлауынша жаңа құрылғының құны $999 болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Елорда мен Елбасы егіз ұғым

Руханият • Бүгін, 09:40

Ұқсас жаңалықтар