Аймақтар • 26 Тамыз, 2017

Шымкент тұрғыны «Оңтүстік Цирк» мекемесіне абдан сыйлады

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстандағы «Оңтүстік Цирк» мекемесі тағы бір жыртқыш аңмен толықты. Оңтүстіктің цирк өнеріне болысып, оның өсіп, өркендеуіне атсалысқысы келген Шымкент тұрғыны Фаат Мансуров мекеме ұжымына африкалық арыстан баласы – абданды сыйға тартты, ОҚО əкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент тұрғыны «Оңтүстік Цирк» мекемесіне абдан сыйлады

Он айлық абдан Симба қожайынына Ресейден жеткен. Әкесіне оны ұлы сыйлапты. Жарты жыл кішкентай арыстанды үйінде асырап келген Ф.Ядикарович жыртқыш баласын күнделікті балғын ет, сүт сынды қажетті азықпен асырап келіпті.

Ұжымға жаңадан әкелінген абданды ерекше қуанышпен қарсы алған цирк ұжымының жаттықтырушылары Симбаны болашақта түрлі әдіс-тәсілдерге үйретіп, халыққа өнер көрсететін аңға айналдыруды көздеуде. Бүгінге дейін олар үш арыстанды баптаса, сыйланған арыстан баласы төртінші болып қосылып отыр.

Айта кету керек, 2011 жылдан бері күнгейлік жұртшылыққа қызмет етіп келе жатқан «Оңтүстік Циркте» түрлі өнердің майталмандары бас қосқан. Онда бүгінде мәдениет қызметкерлерінен бөлек, алты жылқы, үш пони, үш арыстан, екі аю және екі күшік үйретіліп, жаттықтырылуда