Аймақтар • 27 Тамыз, 2017

«Мектепке жол»-қайырымдылық бастамасы

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы басталды. 

«Мектепке жол»-қайырымдылық бастамасы

 Акция мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек беру. Семейдегі №3 мектеп директоры Нұржан Ахметқалиев те осынау қайырымдылық акциясына ұжымымен бірге белсене атсалысуда. Өйткені, «Барлық жақсылық балаларға!» екендігін ұмытпаған жөн.  Елбасының тапсырмасымен оқушылардың толық білім алуына  ықпал ету басты міндет.

-Бұл акцияның басталғанына бір ай өтті, көптеген оқушылар киім-кешек пен құрал-жабдықтармен қамтылып, қуанып жатыр,-деді  директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Сейтханова,- Биылғы акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтедi. Екі айға созылатын ауқымды шараның аясында  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын алып беруіміз керек. «Мектепке жол» акциясы кезінде ешбір негізсіз мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды анықтау да қолға алынады. Ол үшін мектептерге бекітілген шағын учаскелердегі үйлерді аралап, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерін, меценаттар мен демеушілерді бекіту шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. 

-Жаңа оқу жылы қарсаңында осындай материалдық қолдау көрсетіп жатқан №3 мектеп ұжымына алғысым шексіз,-деді көп балалы ата-ана Айнұр Нұртайқызы,- осындай қайырымдылық іс-шаралар барлық мұқтаж жандарға зор көмек болары сөзсіз. Мектеп ұжымына үлкен рахметімді айтамын.

Раушан Нұғманбекова

Семей                                                                      

Cуреттер автордыкі